08 Маусым, 2017
955
Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті
Кеше облыс орталығындағы «Достық үйінде» Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті.
«Жаңғырудың негізі – тұрақылық, бірлік, келісім» атты шараға аймақ басшысы Болат Бақауов, этно-мәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты. Аймақ басшысы Болат Бақауов өңірдегі этномәдени бірлестіктер жұмысын жүргізіп, сан түрлі ұлттың мәдениеті мен тілін, діні мен ділін жаңғырту үшін ауқымды шаралар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жуырда ғана жарық көрген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары аясында атқарылатын жұмыстар жайы сөз болды.
- Облыстық ассамблея, этномәдени бірлестіктер, Қоғамдық келісім кеңестері бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын облыс тұрғындары арасында насихаттап, негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда, Ертістің Павлодар өңіріндегі ассамблея құрамындағы қоғамдық бірлестіктер де осы маңызды құжатта көрсетілген бағдарламаларды атқаруда аянып қалмайды деп сенемін. Бізге «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда жинақылық пен жүйелілік қажет. Біздерге жүктелген міндеттің жүгі ауыр, әрі жауапты, - деді аймақ басшысы Болат Жұмабекұлы.
«Ботатырь көмір» ЖШС-нің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ерболат Қоңырбаев - туған жерінің өсіп-өркендеуіне әр адам өзінше үлес қосып, аянбай еңбек етуі керек деген пікірде. Оның айтуынша аталмыш серіктестікте 40-тан астам этнос өкілдері тату-тәтті еңбек етуде.
- «Богатырь» еңбекшілері ұлтаралық келісіммен сыйластықтың, өзара ынтымақтастықтың берік болуын әркезде қолдап келеді. Қазіргі таңда біз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды мақаласында көрсетілген міндеттер бойынша еңбек етіп келеміз. Жалпы, туған жерге, өз халқымызға көмек қолын созудан ешқашан аянып қалған емеспіз, - деді Е.Қоңырбаев.
Жиын барысында этно-мәдени бірлестік өкілдер осы күнге дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытта Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың мақаласы аясында аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.
Атап өтерлігі, бүгінде Павлодар өңірінде 80-нен астам ұлт өмір сүресе, облыстық этно-мәдени бірлестіктердің саны 27-ге, аудан-қалалардағы бірлестіктердің қатары 84-ке жеткен.
Сессия соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары лауазымына «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилованың кандидатурасы ұсынылып, бір ауыздан қолдау тапты. Облыс әкімі Болат Бақауов бұған дейін бұл қызметті атқарған Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті облыстық серіктестігінің төрағасы Михаил Парипсаға елеулі еңбегі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, ел бірлігін сақтауға, қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан еңбегі үшін Баянауыл аудан, Майқайың кенті мәдениет үйінің маманы Берікбол Мунталиев облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Железин ауданы «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Майтуна Аңсабаева, Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігінің Екібастұз қалалық филиалының төрайымы Мария Колодюк, облыстық «Дустлик хайот» өзбек этномәдени бірлестігінң төрағасы Алижан Мирахмедов облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сессия асында облыстық этно-мәдени бірлестік өкілдері жасаған қөлөнер бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырлды.
Қарлығаш Хашымқызы
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында кездесу өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында кездесу өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті