Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қазан, 2023

212

Павлодарда Қазақстан халқы ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті

2023 жылғы 4-6 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумын өткізді.

Форум 2019 жылдан бері ашық интерактивті алаң форматында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге ықпал ету мақсатында өткізіліп келеді.

Іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Аурика Дяк, облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова, профессор, ҰҒА академигі, «Қазақ газеттері» АҚ бас директоры Дихан Қамзабек, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы филиалының төрағасы Аскер Пириев, этномәдени бірлестіктерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері және TikTok желісінің белгілі блогерлері қатысты.

Форум модераторы Элина Масагутова құттықтау сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, қазақ тілін үйренудің жеке тәжірибесімен бөлісті. Спикер ҚХА-ның 2022-2026 жылдарға арналған Даму тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оның шеңберінде қазақ тілін ілгерілету бойынша нақты жұмыс жүргізілуде. Ассамблея «Бірлік» Халықаралық жастар лагері, «Бір ел» тарихи-ағарту жобасы және «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы сияқты жобаларды іске асыруда.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің арасында қазақ тілін еркін меңгерген және тіл үйренуге барлық тілек білдірушілерге көмектесуге дайын түрлі этностар мен ұрпақтардың өкілдері бар екенін атап өтті. «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы филиалының төрағасы Аскер Пириев өз сөзінде Форумның мәні мен мазмұнын атап өтті және жыл сайын осы іс-шараға қатысатынын айтты. Ол қазақ тілін танымал ету әрқайсымызға байланысты және тек ортақ күш-жігер ғана бұл үдерісті жеделдете алады деп санайды.

Форум барысында қоғам қайраткері Қанат Тасибеков, әдіскер, «QR код» бағдарламасының авторы Шолпан Кинжикова, тіл үйрену мектебінің негізін қалаушы, «Kaz_uroki» бағдарламасының авторы Сергей Хван шеберлік сабақтарын өткізіп, блогер, қатысушылар диалог алаңдарында мемлекеттік тілдің рөлін күшейту жолдарын талқылады, мемлекеттік тілді меңгеру және озық тәжірибелермен танысты.

Форумның танымал қонақтарының бірі блогер, «Алға Петербург» жобасының авторы Иван Червинский Павлодар қаласынан әсерімен бөлісіп, тіл үйренудің ерекшеліктеріне тоқталды: «Мен қазақ тілін үйренуді енді бастап жатырмын. Міне, Достық үйіне саналы ғұмырын қазақ тілін үйренуге арнаған мамандар жиналды, олардың көбі өзге этнос өкілдері. Меніңше, олар өздерін танытып, халықаралық кеңістікке шығып, туған Қазақстанды насихаттауы керек» - деген пікір білдірді.

Форумның соңғы күні қатысушыларға достық трамвайына экскурсия ұйымдастырылды, сонымен қатар Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына барады, онда облыстық музей экспонаттары мен ғылыми қорымен танысты.


Кейін қарай