Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2021

393

Павлодарда ҚХА-ның «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ - ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» атты халықаралық жобасы өтті

2021 жылғы 31 мамырда Павлодар қаласында саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ - ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» атты жыл сайынғы халықаралық жобасының іс-шаралар кешені өтті.


Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Павлодар облысының әкімі А.Сқақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В. Набиев, Н. Дементьева, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының лекторлары, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің кафедраларының жастар бірлестіктерінің мүшелері, депортацияланған және қуғын-сүргінге ұшыраған отбасылардың ұрпақтары қатысты.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: тарих және естелік» ғылыми-практикалық форум барысында спикерлер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтірудегі рөлін, жалпыұлттық топтастырушы тарихи сананы одан әрі сақтау және тарату және тәжірибені болашақ ұрпаққа беруде азаматтық сектор мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру қажеттілігі және т.б. талқыланды.

Марат Әзілхановтың айтуынша «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ - ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» жобасы тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістіктің шекарасынан асып түсті. ХХ ғасырдағы тоталитарлық депортациялар мен репрессиялардың трагедиясы ХХІ ғасырда бүкіл әлемде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тағдырында көрініс табады.

ҚХА Төрағасының орынбасары тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және өткеннің қайғылы беттерін объективті зерттеу бойынша жұмыстар бүгінгі күні де белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Комиссия жұмыс істейді.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу, халықтарды депортациялау, 30-шы жылдардағы ашаршылық туралы естеліктерден біздің елімізде ұлы дәстүр-Алғыс айту күні пайда болды.


Форумның пленарлық отырысының жалғасында секциялар жұмысы аясында Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуы, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық, ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін, Қазақстандағы этностардың жер аударылуы, Ұлы Отан соғысының тарихы және т. б. мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, бұл күні іс-шараға қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориалы мен Жүсіпбек Аймауытов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи-құжаттық көрмені аралады.


Кейін қарай