Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қараша, 2021

972

Павлодарда «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі 30 жылдық мерейтойын тойлады

Павлодар қаласының Достық үйінде «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің 30 жылдық мерейтойы аталып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Достық үйінің көркем өнерпаздар ұжымы қатысты.


Ақ жаулықты аналар тобы Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен, Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайымен, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебеп- кітапханасымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Сондай-ақ, жоғары оқу орындары, балалар үйлері, мүгедектер мен қарттарға арналған интернат үйлеріне танымдық-концерттік бағдарламасымен шығып отырады.

Бүгінгі шарада осы қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшелері облыс әкімінің алғыс хаттарымен, «Дара жол» төсбелгісімен марапатталды.


Естеріңізге салсақ, «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігінің (бүгінгі - «НҰР АНА әлемі» ҚБ) Павлодар облыстық филиалы 1991 жылғы 13 маусымда құрылды.

1995 жылы аталған бірлестіктің бастамасымен көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың қыздарына арналған «Мұрагер» пансионаты ашылса, 1997 жылы «АРУ АНА» әжелер хоры ұйымдастырылған болатын.



Кейін қарай