06 Қыркүйек, 2019
1725
Павлодарда Оңтүстік Корея мәдениетінің фестивалі өтті
Павлодарда II «Summer k-pop star» байқау-фестивалі өтті. Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальдің басты мақсаты – жастарды Оңтүстік Кореяның заманауи мәдениетімен таныстыру. Іс-шара «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды.
K-поп мәдениеті XX ғасырдың соңында Оңтүстік Кореяда пайда болды. Бұл Батыс электропоптың, хип-хоптың, қазіргі ритм мен блюздің элементтерін қамтитын музыкалық өзгеше жанр.
Іс-шараны мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының қолдауымен «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырып отыр.
Шараның негізін қалаушылар – Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысының павлодарлық филиалы және Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы.
Фестиваль соңында аймақтың жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Р. Смайлов пен таеквандо спорт мектебінің директоры Ким Сонг Су қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді