Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Мамыр, 2020

2132

Петропавлда 125 бала «Әлемді сақтаңдар!» атты онлайн суреттер конкурсына қатысты

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні біздің Отанымызды өткен уақытта қорғағандарға немесе бүгінгі күні өзінің қасиетті парызын орындаушыларға деген шексіз құрмет пен ризашылық сезімін білдіретін ерлік мерекелері.

30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған онлайн суреттер байқауын іске қосты. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған конкурстың бірінші күнінен бастап-ақ суреттер келе бастады, онда балалар өз Отаны үшін ерлік жасайтын нағыз батырлардың бет-бейнесін суреттеген. Суреттердің мазмұны өте бейнелі: біреуінде жеңіске елеулі үлесін қосқан әжелер мен аталар; басқаларында – өздерінің әскери борышын орындаған әкелер мен бауырлар; ал үшіншісінде – нағыз батырлар сыйлаған ашық аспан бейнеленген.

IMG-20200521-WA0028.jpg

Байқауға қатысу үшін Петропавл қаласының түрлі мектептерінің балаларынан 125 жұмыс келіп түсті. Барлық қатысушылар ережеге сәйкес 3 санатқа бөлінді. Бірінші санатқа 6 жастан 8 жасқа дейінгі, екінші санатқа – 9 жастан 12 жасқа дейінгі, ал үшінші санатқа – 13 жастан 15 жасқа дейінгі балалар кірді. Қатысушылардың көпшілігі бірінші санатты құрады.

9 мамыр күні жұмыстарды қабылдау аяқталып, қазылар алқасы өздерінің ең күрделі міндеті – үздіктерді анықтауға кірісті, өйткені әрбір сурет өздігінен тамаша болды. Әр жұмыста балалардың осы мерекелерге деген ерекше ықылас қарым-қатынасы көрінді. Бұл рухани-адамгершілік тәрбиені, ардагерлерге, олардың ерліктеріне, сондай-ақ еліміздің заманауи қорғаушыларына деген құрметті білдіреді.

IMG-20200521-WA0030.jpg

Сөйтіп, конкурс қорытындысы бойынша 9 жүлделі орын, сондай-ақ көрермендер көзайымы сыйлығы айқындалды.

1-жас санатында орындар былай үлестірілді:

1-орын – Ахметжан Темiрлан («№ 26 мектеп-балабақша» КММ)

2-орын – Степанова Василина («Бірінші гимназия» КММ)

3-орын – Васильева Елизавета («Звонница – Наследие» казак хоры).

2-жас санатында жеңіске жетті:

1-орын – Поединок Мария («№ 7 орта мектеп» КММ)

2-орын - Гусельникова Екатерина («БЭСТ» гимназиясы» КММ)

3-орын - Жандосов Айрат («БЭСТ» гимназиясы» КММ).

3-жас санатында 13-15 жас аралығындағы қатысушылар болды. Жүлделі орындарға ие болды:

1-орын – Пригоженко Мирослава («№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ)

2-орын – Коняхина Владислава («№ 7 орта мектеп» КММ)

3-орын – Бромот Вероника («№ 7 орта мектеп» КММ).

Көрермендер көзайымы сыйлығымен «№ 7 орта мектеп» КММ 3 «В» сынып оқушысы Тубольцев Дмитрий марапатталды.

Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отыра, шығармашылық табыс пен жақсы оқу тілейміз! Барлық қатысушыларға жарқын, әдемі, терең мазмұнға толы суреттер үшін шексіз алғыс білдіреміз. Балалар – еліміздің болашағы!


Кейін қарай