Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Ақпан, 2017

643

Петропавлда депутаттармен кездесу

Петропавл қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен, жергілікті жоғары оқу орындарының студенттерімен және оқытушыларымен, сондай-ақ ҚР Ұлттық гвардиясы Әскери институтының курсанттарымен кездесті.

Күн тәртібінде биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің үндеуін және "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Президент жолдауын талқылау болды.

Делегация құрамында ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі – Тасболатов Абай Бөлекпайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі – Тимощенко Юрий Евгениевич, ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі – Чирков Михаил Владимирович, ҚР Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Өтемісов Шавхат Әнесұлы, ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі – Клименко Иван Иванович, ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі – Абсатиров Кеңес Ғарапұлы бар.

Жиналғандар «Мемлекет басшысы мемлекетті дамытудың жаңа векторларын жасады және ортақ мақсатты іске асыру үшін жаңа міндеттер қойды. Бүгінгі таңда бұл постулаттар еліміздің әр азаматына арналған. Біз – біртұтас елдің азаматтарымыз, біз – біртұтас, тату халықпыз, алдымызда ортақ бір мақсат тұрғанда, біз қажырлы да қайсар әрекеттер жасауымыз керек» деген ортақ пікірлерін білдірді.

Кейін қарай