06 Қаңтар, 2020
2832
Петропавлда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар басталып кетті
Петропавл қаласының Достық үйінде 2020 жылғы мерейтойлық күндерге арналған іс-шаралар басталып кетті. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Серебряная лира» «Ұлы Жеңіс: мұра және мұрагерлер» атты ІІІ Халықаралық балалар-жасөспірімдер фестивалі.
Байқау төрт номинация бойынша өтті: драматургиялық қойылым, әдеби-музыкалық қойылым, сахналанған ән, монологтар.
Фестивальға қатысуға барлығы 20 ұжым мен жеке орындаушылар тілек білдірді. Петропавл қаласы мен Шал ақын, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Есіл, Қызылжар мен Ғабит Мүсрепов аудандарынан жалпы білім беретін мектептерінен 145 қатысушы, сондай-ақ Омбы қаласынан келген қонақтар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті: өлеңдер мен проза оқыды, соғыс жылдарындағы әндерді шырқады, сахналық қойылымдар мен драмалық қойылымдар көрсетті.
Іс-шара 8 сағатқа жуық жалғасты, бірақ соған қарамастан залда көрермендер саны бір сәт те азайған жоқ, өйткені тақырып өте өзекті болды. Өйткені, Жеңіс үшін өз өмірін қиған Кеңес Одағының әрбір төртінші тұрғыны арқасында біз бүгін бармыз! Біз ата-бабаларымыз туралы естелікті сақтап, ұрпақтарға табыстауға тиіс Қазақстанның болашақ ұрпағымыз, деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.
Байқау қорытындысы бойынша 15 жеңімпаз анықталды. Олар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52