Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қараша, 2021

265

Петропавлда халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті

Петропавл қаласында «Қазіргі заман діліндегі этностылық және конфессионалдық: әдіснама және зерттеу мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Оны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Семинарда конфессияаралық және этносаралық даму мәселелері қаралды. Іс-шарада СҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, СҚО ҚХА ҒСТ мүшесі Сүлейменова Сәуле спикер болды.


Кейін қарай