Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2017

983

Петропавлда «Мың бала» жобасы бастау алды

Іс-шараға мектептер оқушылары мен студенттер, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысты. Іс-шараны СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов ашты.

СҚО әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыстар бөлімінің басшысы Ернияз Сұлтанов, СҚО білім басқармасының бас маманы Шекер Жандосова және 2016 жылы «Асыл сөз мектебі» бағыты бойынша «Мың бала» жобасының жеңімпазы Галина Жукова көрермендер алдында сөз сөйлеп, мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығы туралы айтты.

Іс-шара қазақ тілінде шырқалған әндерді, ұлттық билер мен ана тілдерінде мәнерлеп оқылған өлеңдерді қамтыған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жоба аясында 2015-2016 жылдарда 20 мыңнан астам іс-шара өткізілді, оған 585 мыңға жуық бала мен жастар өкілдері қатысты. Олардың ішінде қазақстандық патриотизмді, қоғамдық рухани құндылықтарды насихаттау, Тәуелсіздікті нығайтудың негізі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар, қазақ тілін оқыту бойынша авторлық курстар, шешендік шеберлігін жетілдіру бойынша тренингтер, ұлттық және спорттық ойындар, конкурстар мен викториналар, дөңгелек үстелдер және отырыстар болды. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 109453 бала мемлекеттік тілді жеткілікті деңгейде меңгере алды.

2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2500 оқушы мен студент жобаға қатысты. Оның ішінде 1038 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 470 оқушы этностар өкілдері болды. Бүгінгі таңда басқа ұлт азаматтарының біршамасы қазақ тілін үйренуді қалайды.

Аталған жоба қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтудағы басты буын болып табылады.

Кейін қарай