
23 Маусым, 2021
398
Петропавлда Солтүстік Қазақстан университеті ҚХА кафедрасының қорытынды отырысы өтті
СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қорытынды отырысына қатысты.
Университет ректоры Е.Шуланов кафедра қызметіне жоғары баға берді. Ол жүргізілген жұмыс ұлттық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Оның пікірінше, кафедраның тәжірибесін ескере отырып, университеттегі тәрбие процесін қайта форматтау, білім беру және тәрбие компоненттерін біріктіру қажет. Ол қазіргі уақытта сұранысқа ие, жобаларды бірлесіп дамыту және олармен жұмыс істеу мақсатында байланыс пен өзара іс-қимылға бағытталған метакомпетенциялар қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды.
Е.Шуланов кафедраның ғылыми-әдістемелік бірлестігінің мүшелері – «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Э. Ковзельге және «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары В. Корневаға алғысхаттар табыс етті. М.Қозыбаев атындағы СМУ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор А.Башмаков, өңірлік университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында үздік кафедра болып табылатынын атап өтті. Кафедра қызметінің нәтижелері облыста жүргізіліп жатқан этносаясатты ғылыми қамтамасыз етудің негізі болды.
Н. Шевелева «Халықтану» интерактивті білім беру лекториясын жаңғырту туралы пікірімен бөлісті. СКУ студенттердің білім беру бағдарламасына лекторий енгізген Қазақстан Республикасындағы бірінші жоғары оқу орны болды.
Сондай-ақ, отырыста ҚХА кафедрасының оқытушыларға, студенттерге және халыққа арналған экспресс-курстарын енгізу, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысына ғылыми-әдістемелік бірлестік мүшелерінің қатысуы, кафедраның ғылыми-әдістемелік бірлестігінің дербес құрамын жаңарту мәселелері қаралды.
Л. Гривенная, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, отырысқа қатысушыларды ынтымақтастық пен жұмысқа белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті