Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қыркүйек, 2021

204

Петропавлда «Татарча диктант» дүниежүзілік білім беру акциясы өтті

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жыл сайынғы «Татарча диктант» дүниежүзілік білім беру акциясы өтті.

Акцияға «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» ҚБ 5 жыл бойы қатысып келеді.

«Татарча диктант» - бұл татар тіліндегі диктант, татар тілін қатесіз оқыту, әдеби татар тілін қолданушылардың шеңберін ұлғайту, орфографиялық және грамматикалық қателерді тексеру. Бұл акция сауатты жазуға, әдеби татар тілін меңгеруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді өзін-өзі тексеруге, татар тілі оқытушылары мен филологтарды танымал етуге бағытталған.

Іс-шараның ұйымдастырушысы «Татар және башқұрт Қазақстандық конгресі» РҚБ болып табылады.

Кейін қарай