Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Наурыз, 2022

348

Петропавлда өткен кездесуде жастарға ҚХА қызметінің басым бағыттары туралы айтылды

Петропавл қаласында «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ студенттерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті және Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі өкілдерімен кездесуі өтті.

Департамент қызметкерлері студенттерге мемлекеттік қызметке кіру және болашақ мемлекеттік қызметші мектебінен өту мүмкіндігі туралы толық ақпарат берді.

Өңірдің жетекші университетінің үшінші курс студенттеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басым бағыттары туралы этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, ғылыми-сараптама тобының мүшесі және Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кураторы Б.К. Базарбаев айтып берді. Оның бастамасы бойынша студенттер интернет-серфингке қатысты. Болашақ заңгер, экономист және туристік бизнесті ұйымдастырушылар Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік желідегі парақшасына кіріп, облыстық Ассамблеяның және оның құрылымдық бөлімшелерінің нақты күнделікті істерімен танысты.

Б.Қ. Базарбаев жастарды алдағы уақытта көптеген перспективалар күтіп тұрғанын, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастардың өзін-өзі жүзеге асырына көптеген мүмкіндіктерді ұсынатынын атап өтті.

Кейін қарай