
10 Тамыз, 2016
833
Петропавлдағы «Медиация күні»
«Медиация күні» республикалық акциясын өткізу аясында Петропавл қаласының Достық үйінде ашық есік күні болды.
Қазіргі уақытта медиация Қазақстан халқы ассамблеясы қызметі бағыттарының бірі болып табылады. 2011 жылғы 28 қаңтарда «Медиация туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осы заңның 2-бабы 5-тармағына сәйкес «Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі». Биыл медиация 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген жаңа ҚР Азаматтық процестік кодексінде көзделген татуластыру рәсiмдерінің бір түрі ретінде заманауи қазақстандық қоғамға кеңінен енгізілуде. Аталған заңды іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қолдауымен Достық үйінде медиация кабинеті ашылды.
Акция мақсаты - Қазақстан халқы ассамблеясы медиация институты қызметін дәріптеу және дамыту, жұрт арасында даулы және жанжалды жағдайды сотқа дейінгі тәртіпте шешу мәдениетін дамыту.
Акция аясында кәсіби медиаторлар дау мен жанжалдың азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да түрлері мәселелері бойынша азаматтарға тегін кеңес берді. Кейін облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың, этномәдени орталықтар өкілдері мен белсенді мүшелерінің, Солтүстік Қазақстан облыстық сот өкілдерінің, Солтүстік Қазақстан медиация және құқық оталығы судьялары мен медиаторларының және т.б. қатысуымен отырыс өтті.
Отырысты облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова ашты. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов сот жүйесіндегі медиация жөнінде айтып, сұрақтарға жауап берді. Заң ғылымдарының кандидаты, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кәсіби медиаторы Гүлбақша Мұсабаева «Историко-правовой анализ медиации (медиация в межэтнических отношениях») атты дәріс өткізді. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов, заң ғылымдарының кандидаты, отставкадағы судья Инесса Куанова, кәсіби медиатор, «Содружество» Солтүстік Қазақстан Медиация және құқық орталығы» ҚБ басшысы Галина Пехотина баяндама жасады.
Іс-шара қатысушыларды грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттаумен тәмамдалды.
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағанды облысында «Медиация, дау-дамайларды реттеу, этномедиация» тақырыбында іс-шара өтті
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні»
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы
-
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақстан халқы тілдері күні» іс-шарасы
-
Қызылордада «Медиация 10 жыл» атты форум өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағанды облысында «Медиация, дау-дамайларды реттеу, этномедиация» тақырыбында іс-шара өтті
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні»
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» республикалық акциясы
-
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Қазақстан халқы тілдері күні» іс-шарасы
-
Қызылордада «Медиация 10 жыл» атты форум өтті