
16 Қазан, 2017
678
Петропавлдағы «Покровский перезвон»
Өткен жексенбіде Жастар сарайының концерт залында орыс және славян мәдениетінің он бірінші «Покровский перезвон» фестивалі өтті. Петропавл және оның тұрғындары осы халық шығармашылығы мерекесіне тағы да куәгер болды.
«Покровский перезвон» - орыс мәдениетінің облыстық фестивалі -Қазақстанның мәдени кеңістігінде өңіріміздегі бірегей шығармашылық тәжірибе болып табылады. Фестиваль пайда болған жылдардан-ақ халық шығармашылығын дамытуды ынталандыру, мәдени өмірдің, руханиятты өркендетудің және Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының адамгершілік бағдарламаларын қалыптастырудың ажырамас бөлігіне айналды.
Фестиваль 2006 жылдан бастап өткізіледі және өңірлік мәдениет саласында ең ірі және бұқаралық жоба болып саналады.
Концерттік бағдарлама басталмас бұрын сәндік-қолданбалы өнер, сондай-ақ жергілікті суретші И.Б. Поляковтың суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Экспромт» би театры, «Звонница-Наследие» үлгілі казак вокалды-хореографиялық ансамблі, «Станица» казак әндері ансамблі, «Звонница» орыс және казак әндері халық хоры, «Задоринка» орыс халық аспаптары ансамблі, сондай-ақ Петропавл-Булаев епархиясы православиелік құрама хоры, Қасиетті апостолдар Петр мен Павел соборының хоры сынды жергілікті ұжымдар қатысты.
Сонымен бірге мемлекетаралық дипломатиялық және мәдени байланысты нығайту мақсатында фестивальге Ресей Федерациясының шекаралас аймақтары – Қорған және Түмен облыстарынан қонақтар қатысты. Түменнен делегация фестивальге бір күн бұрын келіп, Петропавл қаласының көрікті жерлерін тамашалады. Қонақтар құр қол келген жоқ, жыл сайын Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы облыстық ассамблеяға шығармашылық ансамбльдерге арналған сахна костюмдері түрінде сыйлықтар сыйлайды. Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының Президенті Есенғали Ибраев және «Общество Русской культуры» облыстық қоғамдық ұйымының төрайымы Тамара Трунилова петропавлдықтарды мерекемен құттықтады және ыстық ықыласпен қарсы алғандары үшін алғыстарын білдіріп, сыйлықтар табыстады.
Орыс және славян мәдениеті концертінде зал көрерменге толы болды, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары – жыл сайынғы фестивальдің тұрақты қонақтары.
Тамаша фестивальдің соңында үйлестіру кеңесінің төрағасы, жоғары атаман, казак генералы Юрий Филиппович Захаров, Петропавл-Булаев епархиясы әміршісі Владимир, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камильевич барлық қатысушыларға орыс және казак мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жыл сайын қатысушылар санының өсуі қуантады, фестивальге балалар, жасөспірімдер және жастар да қатысуда. Ал бұл – фестиваль болашағының кепілі, халық мәдениетінің қайнар көзіне XXI ғасырдың жастарын тарту деген сөз. Олар жаңа ғасырға байырғы славян дәстүрлері мен мәденитін таратады.
Дата события ассамблеи: 16.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавлда дәстүрлі «Покровский перезвон» фестивалі ұйымдастырылды
-
Петропавлдағы аrt-орталықта татар этносының үйлену тойы көрсетілді
-
ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ДЕГЕН НАҒЫЗ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
-
Петропавлдағы республикалық семинар-тренинг
-
Петропавлдағы «Қымыз Fest»
-
Петропавлдағы халықаралық «Сәлем, Қазақстан!» көрмесі
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавлда дәстүрлі «Покровский перезвон» фестивалі ұйымдастырылды
-
Петропавлдағы аrt-орталықта татар этносының үйлену тойы көрсетілді
-
ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ДЕГЕН НАҒЫЗ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
-
Петропавлдағы республикалық семинар-тренинг
-
Петропавлдағы «Қымыз Fest»
-
Петропавлдағы халықаралық «Сәлем, Қазақстан!» көрмесі