24 Тамыз, 2016
943
Петропавлдық спортшылар Астанада қола медалға ие болды!
2016 жылғы 18 тамызда Астана қаласында Назарбаев университеті алаңында «Спорт бейбітшілік пен келісім үшін» ұранымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел рухы» - «Олимпийское лето» фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
Фестивалдің мақсаттары мен міндеттері олимпиада жарысы мен рухын дәріптеу, салауатты өмір салтын ілгерілету, Қазақстанның олимпиадалық құрамасын қолдау, достық, спорттық шеберлік және құрмет сынды қазақстандық құндылықтарды көрсету болып табылады.
Спорттық командалар Бүкіл Қазақстаннан өз өңірінің намысын қорғау үшін жеке жарыстарға қатысуға келді. Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблея этномәдени орталықтарының спортшылар делегациясы 45 адамнан құралды. Ұлдар мен қыздар Петропавлдан өжет ұстаныммен келді. Республикалық деңгейдегі жарыстарға кейбіреулері алғаш рет қатысуда, сондықтан мазалары кетіп, толқыған мұндай спортшыларға қастарында болған жаттықтырушылар жәрдем берді. Және де еңбектері босқа кетпеді – командалық рухтың арқасында біздің балалар бірінші және екінші орындарды Астана және Алматы облысымен бөлісе отыра, жалпы командалық үшінші орынды иеленді.
Біздің делегацияның ең мықты тобы волейболдан ерлер командасы және армрестлингпен айналысатын қыздар болды, олар командаға көп ұпай әкеліп, жалпы сома 110 ұпайды құрады.
19 тамызда фестиваль салтанатты түрде жабылды, онда жеңімпаздарға медальдар, кубоктер және естелік сыйлықтар табысталды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ