Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2024

192

ПОЭЗИЯ ДОСТЫҚ КӨПІРІ РЕТІНДЕ:СТАНИСЛАВ ЛИ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

​Алматы қ. республикалық Достық үйінің Әдеби клубыныңұйымдастырыумен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алукүніне орай Станислав Лидің «Записки на рисовом зернышке» атты кітабының тұсаукесері аясында шығармашылық кездесу өтті. Бұл халықаралық дөңгелек үстел М. О. Әуезов атында әдебиет және өнер институты, ҚР жазушылар Одағы, «Простор» республикалық әдеби-көркем журналы, республикалық «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы», «Коре Ильбо» республикалық кәріс газеті, Мемлекеттік республикалық академиялық кәріс музыкалық комедия театры, ҚР МАМ жанындағы ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы, Қазақстанның «Офицерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақ радиосының Алматы студиясының «Достық» радиобағдарламасы өкілдері құттықтау сөздерімен басталды.


Қазақстан этностарының бірлігінің символы ретінде мемлекеттік республикалық академиялық кәріс музыкалық комедия театрының солисті Майа Лидің орындауында қазақтың халық әні «Ал қоңыр» және «Бель» кәріс әні шырқалды.


Шашкова Л. К., Ни Л. А., Ананьева С. В. (кездесу модераторы), Ли К. В., Галай К. Н., Смагулов У., Ким К., Шмидт А. өз баяндамаларында Станислав Лидің хайку (хокку) стиліндегі лирикалық өлеңдері өмір философиясына, Қазақстан этностарының ынтымақтастығы мен достығы тақырыбына, қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аудару кезеңінде кәрістерді қабылдаған және оларға аса қамқорлық көрсеткен қазақ халқына деген үлкен алғысқа толы екендігі ерекше атап өтілді.


Станислав Лидің өлеңдері, эсселері мен кітаптары әлемнің 20-дан астам тіліне (кәріс, ағылшын, поляк, серб және т.б.) аударылған. Станислав Ли түрлі мәдениеттердің қиылысында өмір сүріп жатқан ақын, суретші, философ ретінде «Записки на рисовом зернышке» атты кітабында адам мен Қазақстан азаматы әлемінің бейнесін, тарихи Отанмен рухани байланысын, 21 ғасырда өмірдің мәнін іздеуді көрсетеді. Шығармашылық кездесуде барлық қатысушылар Станислав Лидің поэзиясы мен суреттері туралы бейнеролигін жылы қабылдады, сондай-ақ дөңгелек залда Борис Петрович Пактың графика көрмесі көрсетілді.


ҚХА этномәдени бірлестіктері өкілдерінің және жұртшылықтың ризашылығымен қоса сөйлеген сөздері Станислав Лидің шығармашылығы - Қазақстан этностарының мәдениеттерін жақындастырудың жаңа бастамасы болғанын көрсетті.

Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар