Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қазан, 2016

691

«Покровский перезвон» фестиваліне 10 жыл!

Өткен жексенбі күні Жастар сарайының концерттік залында «Покровский перезвон»орыс және славян мәдениетінің оныншы фестивалі өткізілді.

Фестиваль қала тұрғындары  мен қонақтарын славяндық көңілдің тереңінен төгілген шат-шадыман, таң қалдырар әуенді дауыстар мен саздарымен қуантты.

«Покровский перезвон» облыстық орыс мәдениеті фестивалі біздің өңіріміздегі және Қазақстанның мәдени кеңістігіндегі бірегей шығармашылық тәжірибе болып табылады. Фестиваль осы жылдар ішінде халық шығармашылығын дамытудың қуатты түрткісі, мәдени өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.

2006 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан фестиваль  бүгінде өңірлік мәдениет саласындағы аса ірі және ауқымды іс-шаралардың бірі болып табылады.   Биылғы фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Солтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығы және «Покровский перезвон» фестивалінің 10 жылдығына  біріктіретін  оқиға ретінде кіреді арналады.

Іс-шараны өткізуге облыс аудандарынан және қаладан, Қазақстанның аймақтарынан және Ресеймен шектесетін аудандар ұжымдары тартылды.Казак әндері ансамблі «Батько Атаман» фестивальға Астана қаласынан арнайы келді.

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады.

Фестиваль барысында «Звонница-Наследие» вокалдық-хореографиялық ансамблі орындаған «Калинка-малинка»  әні көрермен көңілінен шықты.

Іс-шара  соңында үйлестіру кеңесінің төрағасы жоғарғы атаман,  казак генералы  -  Юрий Филиппович Захаров, Петропавл-Булаевепархия  билеушісі Владимир, СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі -  Салимов Наиль Камильевич және СҚО құрметті ақсақалы – Ысқақов Жақсылық Ғабдоллаұлы барлық қатысушыларға құрмет грамоталарын және құнды сыйлықтарды табыстап, орыс және казак мәдениетіне қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.

Жылдан жылға фестивальға қатысушылар санының артуы және оған балалар, жасөспірімдер мен жастардың қатысуы қуантарлық жағдай. 

Кейін қарай