18 Маусым, 2016
1031
Польша Республикасы Елшілігінің Вице-консулы Достық үйінде болды
14 маусымда Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ге Астана қаласындағы Польша Республикасы елшілігінің вице-консулы Даниел Брачишевски Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев және «Полония» поляктар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Зифридович Свинцицкимен кездесті.
Вице-консулдың айтуынша, іссапарының басты мақсаты – «Полония» облыстық поляктар қоғамы мен Достық үйінің жұмыстарымен танысу болды. Сондай-ақ осы күні вице-консул 2016 жылғы шілдеде өтетін Бүкіләлемдік жастар күнін мерекелеуге Краков қаласына шығуды жоспарлап отырған азаматтардың құжаттарын қабылдау бойынша жұмысты жүзеге асырды.
Хатшылық меңгерушісі, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев 24 облыстық этномәдени бірлестіктердің, облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің және журналистер клубының барлық жетістіктері, олардың облыстық ҚХА хатшылығымен және Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесімен өзара әрекеттестігі туралы айтты. Сондай-ақ кездесу шеңберінде Достық үйі бойынша экскурсия болды. Қонаққа облыстық этномәдени бірлестіктердің кең кеңселері, оқу кабинеттері, Достық үйінің екінші қабатында жайғасқан Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі көрсетілді.
«Польшада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі сияқты мекемелер жоқ. Мен болған елдің ешбір жерінде дәл осындай тәжірибе жетілмеген. Бұл ұйымдар өздері нақты жұмыс істеп, жақсы нәтижелерімен ерекшеленеді» - деп Даниель Брачишевски өз пікірімен бөлісті.
Мақсат Айтпаев
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті