Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Наурыз, 2025

68

Практикаға бағытталған курс: бесінші күн

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» этномәдени бірлестіктерінің басшылары үшінпрактикалық-бағдарланған курстың бесінші күні өтті. Жұмыс барысындақатысушылар мәдениетаралық коммуникация мәселелерін, волонтерлікқызметтің заңнамалық аспектілерін, конституциялық реформаның азаматтыққоғамның дамуына әсерін, сондай-ақ осы процестердегі Қазақстан халқыАссамблеясының рөлін талқылады.

Спикерлер ретінде ҚХА кафедрасының доценті, саяси ғылымдардокторы Әсем Қайдарова сөз сойлеп, Қазақстан Республикасы ПарламентіМәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ұлттықволонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Вера Ким Қазақстан Республикасыныңволонтерлік туралы заңнамасына шолу жасап, осы саладағы әлеуметтікбастамаларды табысты іске асырудың мысалдарымен бөлісті.

ҚХА қызметі мен оның қоғамдық қабылдауына ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Геннадий Шиповскийдің сөзсөйлеуі арналды. Ол сондай-ақ қоғамда ҚХА-ның оң имиджінқалыптастыруға ықпал ететін түрлі коммуникациялық стратегиялардыңмаңыздылығын атап өтті.

2022 жылғы конституциялық реформаның ықпалын талқылаушеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратыныңбасшысы, ҚХА мүшесі Максим Споткай азаматтық қоғам институттарындамытудың жаңа мүмкіндіктері және ҚХА-ның жаңартылған саясипроцестердегі рөлі туралы айтып берді. Қорытынды іс-шара ҚХА кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты, әлеуметтану ғылымдарының докторы Ане Тынышбаева өткізгенэтнопсихология бойынша сессия болды.

Күні бойы қатысушылар пікір алмасты, тәжірибелерімен бөлісті жәнеэтномәдени бірлестіктердің мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарменодан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Кейін қарай