
27 Ақпан, 2017
892
Президент Жолдауы – іс жүзінде!
Ақмола облысының Зеренді ауылында 2017 жылғы 24 ақпан күні «Aurora Garden» отбасылық демалысы орталығында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптық топ өкілдерінің қатысуымен жалпы республикалық лекторий өткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудандық баспалық БАҚ өкілдері қатысты.
«Нұр Отан» партиясының зеренді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Таласбаева өз сөзімен іс-шараны ашты. Ол ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ағымдық жылдың 25 қаңтарында құрылған конституциялық реформалар туралы айтып берді, сонымен қатар Қазақстанның үшінші жаңғыруының бес негізгі басымдылығын атап өтті – ол экономиканың жылдамдатылған технологиялық жаңаруы, дәстүрлі базалық салаларды дамыту, еңбек нарығын жаңарту, макроэкономикалық тұрақтылық, адамзаттық капиталдың сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, доцент Роза Бұқтығұтова «Қазақстандағы жаңғыру: гүлденуге бағытталған жол» тақырыбында дәріс оқыды. Оның айтуынша, Президент Жолдауы – ол осы жылғы басты және маңызды саяси құжат, онда өткен жолдың қорытындыларына, мәселелердің шешілуіне терең талдау жасалып, алдағы кезеңге қойылатын міндеттер көрсетілген. Жолдау – ол Мемлекет басшысының болашақ туралы толғанысы, мемлекеттің өзіндік келешекке арналған жоспары. Бұл құжатта Қазақстанның барлық азаматтары үшін тиімді ел болашағының негізі қаланады.
Дәріс тыңдаушыларының алдында Ш.Уәлиханов атындағы КММ заңтану кафедрасының профессоры м.а, медицина ғылымдарының кандидаты Маржан Мырзаханова сөз сөйлеп, қазіргі заманауи жағдайдағы білімнің рөлі туралы ой қозғап, соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз даулы мәселелерді шешудің келешегі бар, баламалы шешімі ретіндегі медиация институтына тоқталып өтті.
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Зеренді ауданының Достық орталығына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жалпы республикалық лекторийді ұйымдастыру мен өткізуге жәрдемдескені үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтарын ұсынды.
Іс-шара «Сударушки» атты зеренді фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті