Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2016

815

Президентінің Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

                Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

                Отырысты аша келе, Департамент бастығының орынбасары подполковник  Ақылбек Қосманұлы Ахметжанов мынадай негізгі бағыттарды атап өтті:

- 2015 жылғы 30 қарашада Президенттің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы жария етілді. Бұл жолдау жаһандық дағдарыс кезеңінде еліміздің дамуындағы басты негізгі құжаттардың бірі болып табылады. 

Н.Ә.Назарбаев еліміз бен елдің  әр азаматының алдына  қоғам мен атқарушы билік органдары күштерін біріктіруді талап ететін міндеттер қойды.   

Елбасы әлемдік дамуда тұрақсыздық белгілеріне сай және  жедел қимылдау қажеттігін атап көрсеткен әлемдік көшбасшылардың ішіндегі алғашқылардың бірі. «Біз – әлемдік экономиканың бір бөлігіміз, жақын арадағы жылдар біз үшін үлкен  сындардың бірі болмақ. Бұл межеден тек біріккен күшті елдер ғана өте алатындығын» Ұлт көшбасшысы өз Жолдауында атап өтті.

Іс-шара барысында баяндамаларымен облыстың ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жамал Сағынғалиқызы Ихсанова, «Ламед» еврей этномәдени қоғамының төрағасы Баюканский Феликс Аркадьевич баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Президент атап өткен еліміздің құрылымдық қайта құрулар мен дағдарысқа қарсы бес негізгі бағыттарын талқылады. Дағдарыстан шығу жолдары қызу талқыланды. Барлық талқылауға қатысқандар ортақ пікірге келе отырып, біздің қоғамда дағдарысты жеңіп шығудағы басты жағдайлардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі екендігін бір ауыздан атап өтті. 

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе қатысушылар ҚР Президентінің Жолдауы еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағытталған бағдар алатындығы жөнінде ортақ пікірге келді.     

   

 

 

 

БҚО «Қоғамдық келісім» КММ -сі

Кейін қарай