![](/upload/iblock/9c6/9c60582abce56efb70335bb77fe54875.jpeg)
09 Қараша, 2023
202
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚХА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУІ
Кездесу барысында ҚХА белсенділері оқу-ағарту министріне тікелей сұрақтар қойып, Қазақстандағы оқу-білім мен тәрбие беру жүйесін дамытудың негізгі мәселелері бойынша толыққанды жауап алды.2023 жылғы 8 қарашада ҚХА 32-ші сессиясының тапсырмаларын орындау аясында Астана қ. Цифрлық үкімет кеңсесінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан халқы Ассамблеясының активімен кездесті
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстанның барлық этностары арасында сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктер қалыптастырудың маңызын атап өтті. «Білім беру сапасын арттыру біздің болашағымыз үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Оқу-білім мен тәрбие беру жүйесі азаматтық бірегейлікті қалыптастыруда және өз елінің дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуде шешуші рөл атқарады», - деді ол.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу-білім және тәрбие саласындағы қызметтің негізгі бағыттарына тоқтала
отырып, осындай кездесулердің, әсіресе өңірлік деңгейдегі маңызын атап өтті.
Айта кету керек, оқу-ағарту министрлігі этномәдени толеранттылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады және білім беру үрдісіне түрлі бастамалардың сәтті енгізілуін қамтамасыз етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Ғани Бейсембаев пен ҚХА Хатшылығының жеке бақылауына алынған барлық мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Бұдан бөлек, оқу-ағарту министрлігі қызметінің нақты салалары бойынша осындай кездесулерді тұрақты негізде ұйымдастыру туралы шешім қабылданып, сондай-ақ жергілікті жерлерде білім басқармаларына білім беру және оқу-ағарту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша ҚХА-ның өңірлік құрылымдарымен кездесулерді жүзеге асыру тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» РҚБ-ның жоғары оқу орындарымен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен өзара іс-қимылын талқылау бойынша кеңес өтті
-
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Жамбыл облысы Шу ауданында ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
-
Ақмолада ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кезекті отырысы өтті
-
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобаларын қолдау мәселелері талқыланды
24 Шілде, 19:18
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
23 Шілде, 10:37
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
23 Шілде, 10:33
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
23 Шілде, 10:00
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
22 Шілде, 18:38
Қарағандыда «Қазақтану» лекторийі өтті