
08 Шілде, 2020
5765
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі
Құрметті отандастар!
Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр.
Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті, бірқатар елдерде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді.
Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды.
Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты. Бұл – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт.
Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз. Дегенмен, мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейді.
Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде.
Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ, біздің күресіміз жалғаса береді. Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда, уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды. Салмақты, сабырлы болайық!
Біздің жұмысымыз – айқын, қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керек. Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттері орын алуда. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды. Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе.
Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Бұндай әрекеттерге тосқауыл қою керек. Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады. Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады. Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады.
Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қамтамасыз етіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ