Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қыркүйек, 2021

4023

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына орай ҚХА мүшелерінің пікірі

1 қыркүйек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдау жасады. Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері пікір білдіреді.


Президент Жолдауы ел тағдыры үшін маңызды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Қазақстан халқына Жолдауы жариялады. Президент еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Жолдаудан әрбір адамның көкейінде жүрген мәселелерді қамти отырып, мемлекеттің дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын сезіндік. Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел Президенті өз жолдауында ең төменгі айлықтың 60 мың теңгеге өсетінін хабарлап, азық-түлік бағасын ерекше қадағалауды тапсырды. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын. Дені сау, Білімді ұрпақ - мемлекеттің қазынасы мен жарқын келешегінің кепілі. Сондықтан да бұқаралық спорт пен ғылымды дамыту туралы ойлары да халықтың көңілінен шығатынына сенімдімін. Сонымен қатар Президентіміз Ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, тоғышарлықтан арылып, ерінбей еңбек етуге шақырды. Мемлекетіміздің Абыройы арта берсін!

Ирина Салагина,
Қарағанды облысы Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігінің төрайымы


Тәуелсіз Қазақстанда мұғалімге деген құрмет жыл сайын артып келеді

Қасым-Жомарт Кемелұлы кезекті жолдауында: «Осы жылдың қаңтарынан бастап педагогика қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсті. Алдағы үш жылдың ішінде біз бұл мақсатқа қосымша 1,2 трлн теңге бағыттаймыз. Қабылданған іс-шаралар өз жемісін беріп те жатыр. Педагогика мамандығына түсушілердің орташа баллы күрт өсті. Мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастыра беретін боламыз», - деп атап өтті. Расында, мұғалімнің мәртебесі қай мемлекетте, қашан да жоғары болуы керек. Тәуелсіз еліміздегі бүгінгі мектептің басты міндеті – оқушыны оқуға, ойлануға, болашақ тағдырын жете танып, білуге үйрету екені айқын. Қазіргі таңда мұғалімнің мәртебесіне ­рухани жағынан, Заң жүзінде де ерекше көңіл бөлінуде. Әрі мұғалімге жүктелген талап та жоғары. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін маманға өркениетті елдер аса құрметпен қарайды. Мұндай көзқарасқа біз де қол жеткіздік. Сондықтан да Тәуелсіз Қазақстанда мұғалімге деген құрмет жыл сайын артып келеді деп сенімді айта аламын. Тағы бір қосарым, бүгінгі күннің өзекті мәселесі – тіл мәселесі. Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің аясы қарқынды дамуда. Онымен қоса орыс тілін де халықаралық тіл ретінде құрметтегеніміз жөн. Еліміздегі мәдениет пен өнер, ғылым мен білім орыс тілінің де, мемлекеттік тілдің де қатысуынсыз толық дамымайды. Ал дамудың даңғыл жолына бағыт алған болашағы баянды елдің тұғырында қашанда мемлекеттік тілі биікте тұруы қажет. Бұл жәйтті әрбір этностың, әрбір қазақстандықтың білікті де саналы ұрпағы әрқашанда жүрегінде ұстауы қажет.

Мулладжанов Атхомжон,

Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігінің

төрағасы, ҚХА мүшесі


Біртұтас ұлт болып бірігуіміз керек

Жалпы азамат тарихына үңілсек, әлемдегі озық өркениеттер ұлттық сипаттан бастау алғандығын білеміз. Біз әлемге еліміздің жаңаша бет-бейнесін танытып, өткен дәуірден қалған таптаурын қағидаларды өзгертіп, орындалмайтын «елес идеологиялардан» бойды аулақ ұстауға, жаңа прагматикалық сипаттағы деңгейге қол жеткізбекпіз. Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі жаңғыруы байыпты қалыпта, уақыт талабын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Эволюциялық жолмен жаңғыру қазақстандық азаматтың басты бағдарына айналмақ. Олай деуімізге себеп әлемдегі түрлі революциялардың ешқашан оңтайлы нәтиже әкелмегенін білеміз. Жаһандану үрдісіндегі басты талап қазақ тілімен бірге әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашып, әлемдік озық тәжірибелер мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік әпермек.

Дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан 30 жылда биік белестерді бағындырып, бірліктің арқасында бірегей жетістіктерге жетті. Алдымен ел тұрмысына елеулі көңіл бөлген мемлекеттік саясат ендігі кезекте жеткен жетістіктерімізді еселеуді көздеп отыр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ұлт болып ұйысуымыздың өте маңызды екенін алға тартты. Өйткені біздің жеткен жетістіктеріміздің негізі халқымыздың ынтымағында. Бәріміз үшін бағалы да, құнды да, маңызды да ел бірлігі. Одан артық ештеңе жоқ. Санамыздың ізімізден озып жүруі, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы – ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылудың бірегей жолы. Бұл бағдар әрбірімізге үлкен жауапкершілік жүктейді деп сенемін.

Сабри Асанов,

Жамбыл ауданы бойынша «Барбанг»

күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы


Ұлтаралық достастық – кемел болашақ негізі

Бүгін Білім күні, ҚР президенті Қ.Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Жолдауын жариялады. «Біз үшін ең маңыздысы, әр азаматтың тәуелсіздік игілігін сезіне алуы!» - деді ҚР Президенті Қ.Тоқаев. Жолдауда барлық мемлекетіміздегі өзекті мәселелер көтеріліп, жақын арада шешімін табу тапсырылды. Ең басты медицина, білім, су, аграрлық өнеркәсіп, пандемияның экономикаға әсері, жастар, тіл саясаты және т.б. маңызды тақырыптар айтылды.

ҚХА-ның жұмысы туралы тілге тиек етіп, Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігін сақтауға тигізген септігі туралы айтылды. Ұлтаралық достастық- кемел болашақ негізі. Жолдауды тыңдап отырып, көптеген мәселелер өз шешімін табатынына көзім жетті. Енді іске кірісіп барлық айтылған мәселелер қаралса жастардың болашаққа деген сенімін арттырар еді. Мен Қазақстанның жарқын болашағына сеніммен қараймын!

Мейрамбай Альфия,

Жамбыл облдыстық ҚХА

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі


Маңызды мәселелер айтылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын жариялап, жұртшылықтың көкейіндегі біраз мәселенің түйінін тарқатты. Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздегі маңызды деген саяси, əлеуметтік жəне экономикалық мəселелер көтерілді. Мысалы, келер жылдан бастап ең төменгі табыс көзі 42 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін артатын болады. 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өседі. «2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары мұнан тыс қалды. Бұлар музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл ел тұрғындары арасында бірқатар əлеуметтік мəселелердің шешімін табуға мүмкіндік берер еді. Жалпы, бұл Жолдауды тарихи оқиға деуге негіз бар. Президент Қазақстанның экономикалық-əлеуметтік дамудың жаңа белесіне шыққанын айтты. Тəуелсіздік жылдарында еліміз айтулы белестерді бағындырды. Дегенмен, əлі де атқарылар жұмыстар аз емес. Бұл туралы ашық жəне əділ айту керек. Өзімізге өзіміз өткір сауалдар қойып, ақылға қонымды жауап таба алғанымыз жөн.

Жаңа кезең Үкіметтен жаңаша жолды талап етеді. Қазір ұлт болып ұйысып, бірлесе жұмыс істейтін уақыт келді.

Индира ТОҒАНБАЕВА,

аудандық мәслихаттың депутаты,

«Әулие Ата»Қазақ мәдени орталығының мүшесі


Аграрлық салаға серпін берді

Елімізде ауыл шаруашылығы экономика саласында ерекше орын алады. Ауыл шаруашылығының дамуынан мемлекетің азық-түлік қауіпсіздігі жəне халықтың əлеуметтік-экономикалық жағдайы өзгереді. Еліміз ауыл шаруашылығын жетілдіруде жəне жандандыруда кең көлемде ресурстар кешеніне ие болып отыр. Олардың қатарына мал шаруашылығын дамыту, көкөніс өнімдерін, мақта өсіру, егін жай өнімдерін саралау жатқызылады. Еңбек өнімділігін арттыру жəне егін жайдың құнарлық сапасын жақсартуда көптеген мүмкіншіліктер пайдаланылып келеді, яғни ресурстарды тиімді қолдану жəне егіс алқаптарының көлемін көбейтуде ілгерілеушілік байқалады.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығын реттеу əдістері экономикалық тепе-теңдікті сақтаудан, ауыл шаруашылығы өндірісін өндіруден жəне қайта өңдеуден, сонымен қатар шикізат пен азық-түліктің объективті қажеттілігінен туындаған. Өйткені ауыл шаруашылық өнімдері кез келген мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында аграрлық салаға баса мән берілді. Сала жұмысын жандандыру, кеткен кемшіліктерді жою, осы орайда тиісті шараларды қабылдау қажеттілігі нақты айтылды. Шаруаларға субсидия беру мәселесі де назардан тыс қалмады.

Ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі салаларының бірі жəне қоғамның экономикалық әрі қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын фактор болғандықтан, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық жəне ең бастысы əлеуметтiк негізде стратегиялық жағынан маңызға ие. Қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығы өніміне өсіп жатқан жаһандық сұраныс жағдайында экологиялық мəселелер есепке алынып, ұлттық бəсекеге қабілетті брендтер құрылуы тиіс. Жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, жер өңдеу мəдениетін өзгертіп, мал шаруашылығындағы дəстүрлерімізді жаңғыртсақ, ауыл шаруашылығында толағай табыстарға жететініміз анық.

Рүстем Бегалиев,

Жамбыл аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы


Бейбітшілік пен өзара түсіністікті сақтау - үлкен жауапкершілік

«Еліміздің басты байлығы - ел азаматтары» деп атап өтті бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында. Әлеуметтік бағдарламалар өмірді жақсартуға және әл-ауқаттың өсуіне бағытталуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, соңғы бағдарламалар көп жағдайда халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін патенттейді. Халықтың қалың жігін өз ісін дамытуға тарту үшін жағдай жасау қажеттілігі өз деңгейіне жетіп тұр және ол үшін кәсіпкерлердің қызметіне де жаңа жағдайлар ұсынылды. ШОБ секторындағы салық төлемдері де жаңғыртылуда. Алдағы жылдан бастап бюджеттік қызметкерлердің жалақысы қайта қаралады, олардың саны 600 мыңнан асады.

Сондай-ақ, басқа елдерден келетін әлеуетті тәуекелдерді ескере отырып, Қазақстандағы этносаралық келісімнің рөлін, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен өзге де қоғамдастықтардағы тіл мен бірегейлік тақырыбын алға қоюды ерекше атап өтті. Біз өзіміздің елдік бірегейлігімізді нығайта отырып, жалпыазаматтық келісімнің маңыздылығын түсіне отырып, өзіміздің әлеуетімізді іске асырып, азаматтар мен мемлекеттік органдардың тиімді диалогын құра аламыз. Әрқайсымыздың мәдениет, тәрбие және заңға бағыну қасиеттеріміздің деңгейімен тікелей байланысты бейбітшілік пен өзара түсіністік үшін жауапкершіліктің барын сезінуге тиіспіз.

Мамедова Парида,

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат

басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы


Ел үшін еңбектенуге міндеттіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Жолдауда Президент халықтың көкейіндегі мәселелерді дөп басып, талап-тілегіне, арман-мұратына жетелейтін міндеттерді толық айтты деп есептеймін.

Қоғамның ауызбірлігін еселеп, елдің әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартуға бағытталған жобаларды ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке біршама тапсырма жүктеді.

Соның ішінде менің көңіліме жақын тигені – білім беру саласы. Мемлекет басшысы мектеп салу, оның ішінде ауыл мектептерін көбейтуді, кәсіптік-техникалық оқу үрдісін жандандыруды, сондай-ақ қажетті жұмысшы мамандықтарына білімгерлерді тегін оқытуды жүзеге асыруды тапсырды. Себебі, еліміз мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес мемлекеттігімізді одан әрі нығайту үшін ондай қадамдар өте маңызды. Сонымен қатар Президент ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін 5 жылға дейін ұзарту мәселесін қарастырған жөн екенін, жалпы еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет күтіп тұрғанын айтты. Яғни, уақыт талабына сай әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу керектігін жеткізді.

Жалпы, осы орайда Жолдаудан ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерімізді жаңғыртып, оны бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жігерлене ел үшін еңбектенуге міндеттіміз деген ой түйдім.

Төлен ӘБДІБЕКОВ,

№17 Жамбыл колледжінің директоры,

аудандық мәслихаттың депутаты,

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі


Күшіміз -- бірлікте

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын теледидардан көріп, мұқият тыңдадық.

Жолдауда тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен алда тұрған басты міндеттер нақтыланып, ең бастысы - ел бірлігін сақтау, бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты нығайтуға үлес қосудың маңызына екпін берілген. Сонымен қатар елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыру, халықтың әл-ауқатын жақсартудың тетіктері айтылған.

Елдің бірлігі бәрінен маңызды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды.

Шын мәнінде, Ұйымдасқан ұтады. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»,- деп халқымыз бекер айтпаған. Біздің күш-қуатымыз – Берекелі бірлікте!,- деп сөзін түйіндеген Президенттің халыққа деген сенімі біздің де жүрегімізде сенім ұялатты. Халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған құжатта көрсетілген міндеттерді қоғам болып, орындайтын болсақ, алмайтын асуымыз болмайды деп сенемін.

Мехия Раджамов,

Жамбыл облысы Байзақ аудандық

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы


Маңызды міндеттер жүктелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларында денсаулық сақтау жүйесін назардан тыс қалдырған емес. Президент бұл жолы да саланы серпілтуге бағытталған қадау-қадау міндеттерге тоқталды. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені, әлем елдерін әбігерге салған пандемия жаңа шешімдер қабылдауды талап етуде. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы қазынадан қомақты қаржы қаралатынын тілге тиек етті. «Бөлінген қаражат Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға, коронавирус екпесінен бөлек жоспарлы екпе салуға жұмсалуы тиіс. Сонымен бірге отандық дәрі-дәрімек пен медициналық құрал-жабдықтардың үлесін 50 пайызға жеткізу керек», -деді Президент.

Коронавирус инфекциясының алдын алудың басты жолы екпе салдыру екенін Мемлекет басшысы бұған дейін де айтқан болатын. Жылдың басты құжатында да осы мәселеге айрықша тоқталды. «Бізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтардың таңдау құқығы бар. Елімізде жаппай екпе егу науқаны жүріп жатқанымен, қоғамда вакцинаға қарсы азаматтар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, өзге азаматтарды адастырады. Жаппай вакцинациялау қарқынды жүргенде ғана, біз қауіпті індетке тосқауыл қоя аламыз», -деді Президент.

Президенттің сөзінің жаны бар. Өйткені, әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат тарататындар аз емес. Олар өзін ғана емес, өзгені де адастыратындығы сөзсіз. Сонымен қатар отандық QazVac вакцинасының қауіпсіз екендігін күмән болмауы тиіс. Тіпті, өзге мемлекеттер тарапынан да сұраныс түсіп жатқанын қаперден шығармауымыз керек. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Короновиурс денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Біз уақытты ұттырмай індетпен күресу іс-шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқ, Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде», - деп атап өтті.

Жолдау жүктеген міндеттер жүйелі жүзеге асуы тиіс. Бұл бағытта денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де аянып қалмайды.

Гулам Умаров,

Жамбыл облыстық Қан орталығының директоры,

облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі

***

Мемлекеттік тілді білу әлемнің кез келген елінде патриотизмнің көрінісі

Соңғы уақытта Қазақстанда бірқатар қоғам қайраткерлерінің ойластырылмаған іс-әрекеттерінің салдарынан тілдік ахуал бір мәнді емес қалыптасты.

«Қазақ тілінің өрісі тым шектеулі деп айтуға негіз жоқ» - деді Президент Қ.К. Тоқаев өзінің тіл мәселесі жөніндегі Жолдауында.

Президент қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалатынын атап өтті. Жалпы елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп келеді. Бұл табиғи құбылыс, өмірдің негізгі үрдісі. Қазақ тілі болашақта ұлтаралық қатынас тіліне айналады. Мемлекет басшысы ойының дұрыстығын уақыт дәлелдейді.

Президент Қазақстан Республикасы Парламентінің трибунасынан өтініш білдіру мүмкіндігін пайдалана отырып, барлық қазақстандықтарды қазақ тілін үйренуге шақырды.

Шынында да, мемлекеттік тілді білу әлемнің кез келген елінде патриотизмнің көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі әлемнің шындығын ескере отырып, басқа тілдерді де білу маңызды. Мобильді және сұранысқа ие болу қажет. Сонымен бірге, «Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды» - деді Тоқаев. Жастар Мемлекет басшысының үндеуін қабыл алатынына сенімдімін.

Тажин Жангелді,

«Urpaq» қазақ мәдени- ағартушылық

қоғамдық бірлестігінің белсендісі, қалалық ардагерлер кенесінің төрағасы

***

Жолдауда халық жадында жүрген жайттар айтылды

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың сөйлеген сөзін үлкен ықыласпен тыңдадым. Президент Қазақстан халқына Жолдауында таяу кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтқан болатын. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру және ең төменгі жалақыны айына 60 мың теңгеге дейін арттыру айтылғаны қуантады.

Қасым-Жомарт Тоқаев радикализмнің кез келген түрінің жолын кесе отырып, мемлекет өз азаматтарын ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсітушіліктен әлі де қорғайтынына ерекше назар аударды. «Орыс тілін қолдануға кедергі келтіруге болмайды, дегенмен, Қазақстанның барлық азаматтары қазақ тілін үйренулері керек. Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар - ол қазақ тілі!»,- деп атап өтті президент.

Президент басым мақсаттардың қатарында елді цифрландыруды, денсаулық сақтау, ветеринария және энергетика сапа жүйесін жетілдіруді, Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсарту туралы айтқан болатын.

Валентина Корнева,

«Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық

поляк мәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары

***

Мемлекеттік тілді білу әлемнің кез келген елінде патриотизмнің көрінісі

Соңғы уақытта Қазақстанда бірқатар қоғам қайраткерлерінің ойластырылмаған іс-әрекеттерінің салдарынан тілдік ахуал бір мәнді емес қалыптасты.

«Қазақ тілінің өрісі тым шектеулі деп айтуға негіз жоқ» - деді Президент Қ.К. Тоқаев өзінің тіл мәселесі жөніндегі Жолдауында.

Президент қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалатынын атап өтті. Жалпы елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп келеді. Бұл табиғи құбылыс, өмірдің негізгі үрдісі. Қазақ тілі болашақта ұлтаралық қатынас тіліне айналады. Мемлекет басшысы ойының дұрыстығын уақыт дәлелдейді.

Президент Қазақстан Республикасы Парламентінің трибунасынан өтініш білдіру мүмкіндігін пайдалана отырып, барлық қазақстандықтарды қазақ тілін үйренуге шақырды.

Шынында да, мемлекеттік тілді білу әлемнің кез келген елінде патриотизмнің көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі әлемнің шындығын ескере отырып, басқа тілдерді де білу маңызды. Мобильді және сұранысқа ие болу қажет. Сонымен бірге, «Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, бұдан еш ұтылмайды» - деді Тоқаев. Жастар Мемлекет басшысының үндеуін қабыл алатынына сенімдімін.

Тажин Жангелді,

«Urpaq» қазақ мәдени- ағартушылық

қоғамдық бірлестігінің белсендісі, қалалық ардагерлер кенесінің төрағасы

***

Жолдауда халық жадында жүрген жайттар айтылды

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың сөйлеген сөзін үлкен ықыласпен тыңдадым. Президент Қазақстан халқына Жолдауында таяу кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтқан болатын. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру және ең төменгі жалақыны айына 60 мың теңгеге дейін арттыру айтылғаны қуантады.

Қасым-Жомарт Тоқаев радикализмнің кез келген түрінің жолын кесе отырып, мемлекет өз азаматтарын ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсітушіліктен әлі де қорғайтынына ерекше назар аударды. «Орыс тілін қолдануға кедергі келтіруге болмайды, дегенмен, Қазақстанның барлық азаматтары қазақ тілін үйренулері керек. Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар - ол қазақ тілі!»,- деп атап өтті президент.

Президент басым мақсаттардың қатарында елді цифрландыруды, денсаулық сақтау, ветеринария және энергетика сапа жүйесін жетілдіруді, Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсарту туралы айтқан болатын.

Валентина Корнева,

«Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық

поляк мәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары

***

«Қазақстан халқына мемлекеттік аппарат халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадым. Мемлекет басшысының заңнаманың азаматтар мен бизнестің пайдасына болуы тиіс дегеніне қосыламын.

Сондай-ақ, Қ.К.Тоқаев жалпыұлттық деңгейде билік құрылымдарына ғана емес, ең бастысы, Қазақстан халқына мемлекеттік аппарат халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. Бизнес өкілдері - бұл да біздің халықтың өкілдері. Қ.К.Тоқаевтың пікірінше, адамдар әкімдердің жұмысын қалай бағалайтынын білу үшін тәуелсіз әлеуметтік сауалнамалар тетігін жандандыру қажет. Қазақстанда мұндай тәсілді іске асыру бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдар жұмысының клиентке бағдарлануы мен ашықтығын арттыруға әкімшілік рәсімдер мен мемлекеттік қызметтерді одан әрі қарай цифрландыру қажет.

Фанис Литфуллин, СҚО ҚХА ақсақалдар Кеңесінің төрағасы


Болашақ біздің қолымызда

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын тыңдай отырып, мазмұнның өзектілігі мен айтылып жатқан жайттардың уақытылы екендігіне таң қаласың. Ол елдің жаңа кезеңдегі одан әрі дамуының көзқарасын айқындайды.

Президент мемлекет пен барлық қазақстандықтар үшін көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық бағыттың 7 негізгі принципін атады. Мұғалім ретінде ел баскарушысының қол жетімді және сапалы білім берудің маңыздылығы туралы сөздері маған қатты әсер етті. Мемлекет басшысына ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені бұрын-соңды педогогтардың мұндай жоғары мәртебесі болмаған. Мемлекет мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырады. «Мұғалімдердің біліміне 1,2 триллион теңге бөлінеді» - деді Президент. Әрине, біз мұғалімдер Отанымыздың игілігі мен Қазақстанның жарқын болашағы үшін жұмысты жалғастырамыз, сенімді ақтаймыз. «Балалар үйірмесі» туралы қызметтерді қайта қалпына келтіруге толықтай қосыламын. Үйірмелермен балаларды қамтығанда үш мақсатқа жетеміз. Жастарымызды ұлттық қолөнерге және шығармашылыққа баулу, құқық бұзушылықтың алдын алу және денсаулықты нығайту. Сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек.

Президентіміздің тапсырмасы бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көштік. Бұл, біз үшін өте маңызды. Осы күнді барлықтарымыз асыға күттік. Балалармен араға бір жыл уакыт кетіріп табысып жатырмыз.

Мемлекет табысты еңбек етуге, бейбіт өмір сүруге барлық жағдайды жасайды, ал біз азаматтар бәсекеге қабілетті орта құру үшін барлық күш -жігерімізді салып, үнемі заманға ілесіп отыруымыз керек.

Елдің әрбір азаматы мемлекеттің дамуына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға үлес қосуға міндетті деп есептеймін. Біз бәрін басқаша жасауға құқығымыз жоқ, өйткені мемлекет басшысы бізге үлкен үміт артады және біздің күшімізге сенеді. Болашақ біздің қолымызда!

Динара Нуралиева,

Жамбыл облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени

бірлестігінің

мүшесі, қалалық №34-мектептің директоры

***

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Онда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар тақырыптар айтылып, біраз мәселе көтерілді.

Сонымен қатар бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аударуды тілге тиек етті.

Президент елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар цифрландыру дегеніміз бір ғана саланы немесе бір бағытты дамыту емес екеніне тоқталып, оның ең алдымен, экономиканың, өнеркәсіптің және қоғамның дамуына түбегейлі өзгерістер әкелуі қажеттігін баса айтты. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар мен ведомствоға қарасты мекемелерге ортақ мониторинг жүйесін құрудың маңыздылығын ескертіп, цифрандыру мемлекеттік маңызды іс, ел экономикасының дамуы аталған салаға тікелей байланысты екенін жеткізді. Озық инновациялық технологияларды енгізуді жандандыру, стартап-жобаларды дамыту, әсіресе ауылдық жерлерде сапалы интернеттің болмауы мәселелері де назардан тыс қалмады.

Ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамамасыз ететін, мемелекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекет органдарының өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмін одан әрі жетілдіру үшін ІТ мамандар дайындап шығу бүгінгі күннің басты талабы. Озық отыз мемлекеттің қатарына кіруді мұрат еткен еліміз үшін цифрлық дамуды қолға алу мәселе бүгінде назардан тыс қалған емес.

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Дина Карипова,

Ескелді аудандық аналар кеңесінің төрайымы

***

Бейбіт күнде бірлігіміз жараса берсін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жария еткен Жолдауын Қазақстан халқымен бірге ұйғыр этносының өкілдері де ерекше ықыласпен қабылдады.

Мемлекет басшысының Жолдауында елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтап қалудың маңыздылығын айрықша атап өтіп өтілді. Сондықтан, белгілі ұстанымға сай, еліміздегі барлық этностар арасында достық қатынас орнатып, олардың ауызбіршілікте өмір сүруіне жағдай жасалуы айтылды. Бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқанының куәсіміз. Бейбіт күнде бірлігіміз жараса берсін.

Бакиева Гульбанум,

Талғар ауданы ұйғыр этномәдени бірлестігінің хатшысы

***

Президент оқытушылар даярлау ісіне айырықша мән берген

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық салалар қамтылды. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де бағыттар туралы жан-жақты айтылды. Цифрландыру мәселесіне айырықша тоқталды. Токио Олимпиадасын да назардан тыс қалдырмады. Мемлекет басшысы елдегі жағдайдың бес саусағындай білетіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Президент оқытушылар даярлау ісіне айырықша мән берген. Ең алдымен, мұғалімдер жалақысының өсетінін және әрі қарай кезең-кезеңімен арта беретіндігін жеткізді. Ең төменгі жалақының 42500 теңгеден 60 мыңға дейін көтерілуі барша азаматтардың еңбекақысына да зор әсерін тигізетіні анық.
Сондай-ақ техникалық мамандықтарда оқитын шәкірттердің оқу ақысының жоғары екендігінен Президент те хабардар. Осы себепті мұндай мамандықтарда тегін оқу туралы тапсырма берілді. Қашықтан оқудың сапасыздығы, ауылдық жерлердегі интернеттің әлсіздігі туралы мәселесін сынға алды. Алда уақытта осы қателіктің орны толады деп сенемін.

Хамитова Люция,

Бесқарағай ауданы «Башкуль»

татар ЭМБ көркемдік жетекшісі

***

Президент Жолдауында нақты міндеттер қойылған

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы - бұл біздің еліміз үшін маңызды оқиғалардың бірі, өйткені онда Мемлекет басшысы дәстүрлі түрде біздің қоғам дамуының негізгі векторларын білдіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев табыстарға қарамастан, мемлекет қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауы тиіс, ол әрқашан дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздестіріп отыруы тиіс екенін атап өтті. Президент қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына – өнеркәсіп, қаржы, білім және басқа да заманауи технологияларды белсенді енгізуге ерекше көңіл бөлді. Осылайша, Президент Жолдауында нақты міндеттер қойылып, оларды шешудің өзекті жолдары ұсынылды, олар нақты ойластырылған, уақытпен тексерілген және еліміздің әрбір тұрғынын ойлануға мәжбүр етеді.

Арман Биғалиев,

«Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы

***

Еліміздің әлеуметтік саяси дамуының бірнеше басым бағыттарын айқындап берді

Бүгінде 30 жыл Тәуелсіз өмір сүріп, табысты ел ретінде әлемге танылған Қазақ елі мемлекет басшысының тағы бір халыққа үміт сыйлайтын Жолдауын зор қуанышпен тыңдады деп ойлаймын. Бұл дәстүрлі Жолдауда Президент елдің алдағы әлеуметтік – экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтты. Мемлекет басшысы еліміздің қазіргі жеткен жетістіктеріне, береке – бірлікпен еселі еңбектің арқасында қол жеткізгенімізге тоқтала келіп, келешекте де кез-келген сың қатерге дайын болуды ескертті. Еліміздің әр азаматы Тәуелсіздіктің игілігін сезіну керектігін, жас ұрпақтың өз болашағына нық сеніммен аттау тиіс екендігін айтты. Осы орайда, еліміздің әлеуметтік саяси дамуының бірнеше басым бағыттарын айқындап берді: ауылшаруашылығын технологиялық қолдау мен аграрлық саланы, ұлттық геологиялық қызметті дамытуды және жер қойнауын пайдалануды тапсырды. Сондай – ақ, «Ұлт жоспары» аясында басталған реформаларды аяқтауды, тұрғын үй бағдарламаларын халыққа тиімді етіп жоспарлауды ұсынды.

Дюсебаева Ұлжалғас,

Ардагер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі,

ҚР Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері,

Алакөл ауданының Құрметті азаматы,

Алакөл ауданы аналар кеңесінің төрайымы

***

Бірлік пен ынтымақ, даналық пен өзара түсіністік – қуатты әрі гүлденген мемлекеттің төрт тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы өткізілетін кезекті жолдауын жасады.

Жолдауда Қазақстан үшін маңызды мәселелері талқыланды. Солардың бірі Қазақстан үшін пандемияның салдары мәселесі. Пандемия кезеңі біздің елімізге ғана емес, бүкіләлемге ауыр тигені сөзсіз. «Мемлекеттік қарыздың аздығының арқасында Қазақстан пандемия салдарын сәтті еңсеруде» - деп айтып өтті Президент. Пандемиямен күресу жолында екпе алудың маңыздылығын аңғарып, екпе алуға қарсы үгіттеу жүргізгендердің жетегінде кетпеген жөн екені айтылды. Әрине, вакциналану процесі біздің еліміз үшін өте маңызды. Екпе арқылы ортақ иммунитет қалыптастырған жағдайда ғана біз жарқын болашаққа сене аламыз.

Президент білім беру саласына коронавирус пандемиясы мен қашықтан оқыту кері әсер еткенін сөз етіп, мемлекетіміздегі мектептер саны 2025 жылға дейін кемінде 1000-ға жетуі керектігіне баса назар аударды.

Президент қазақ тілінің маңыздылығын да сөз етті. «Бірлігіміз - әралуындықта. Біздің азаматтар үшін толеранттық өмірлік маңызға ие. Біз радикализмнің кез келген формасын болдырмаймыз. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Адамды тіліне, дініне, нәсіліне қарай кемсітуге болмайды», - дейді Кемелұлы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жолдауында нақты міндеттер қойылып, оларды шешудің өзекті жолдары ұсынылды. Қорытындылай келе, әрбір азаматтың өз елінің өркендеуі үшін жауапкершілігі күшейтілуі тиіс. Күш біріктіргенде ғана біз жарқын болашаққа жетеміз. Әрбір жеке азамат біздің еліміздің ажырамас бөлігі болып табылады және өзінің күнделікті еңбегімен еліміздің гүлденуіне баға жетпес үлес қоса алады! Барлығы біздің қолымызда, бірлік пен ынтымақ, даналық пен өзара түсіністік – қуатты әрі гүлденген мемлекеттің төрт тірегі!

Цис Роза, Татар ЭМБ белсендісі

***

Мұның барлығы сөзсіз өскелең ұрпағымыздың қоғамда саналы азамат болып қалыптасуына әсер етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Биылғы жолдауда Президентіміз әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғап өтті. Әсіресе, жолдаудың қарапайым халыққа жағымды тұстары- азық-түлік бағасын өсірмеу, ауыл шаруашылық секторында (жайылым, агроөнеркәсіп) ақаулықтарды шешу. Сонымен қатар жолдауда денсаулық, білім, ғылым, спорт және цифрландыру салаларын ары қарай дамыту керектігі айтылды. Мұның барлығы сөзсіз өскелең ұрпағымыздың қоғамда саналы азамат болып қалыптасуына әсер етеді.

Мемлекет басшысының жолдауын қолдай келе, қазіргі пандемия заманында елімізге амандық, бірлік тыныштық тілеймін.

Әбдіхан Әбдіқадыров,

Түркістан қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің

төрағасы

***

Президентіміз біздің ең басты мақсатымыз еліміздегі ұлтаралық татулықты сақтау екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халқына жолдаған кезектегі Жолдауын бүкіл халық ерекше ықыласпен қабылдады. Сонымен қатар Жолдаудың маңыздылығын, болашақта атқарылуы тиіс жұмыстардың салмақтылығын сезінді. Зайырлы мемлекетіміздің мақтанышпен атап өтетін ерекшелігі-көп этностардың өмір сүруі. Президентіміз біздің ең басты мақсатымыз еліміздегі ұлтаралық татулықты сақтау екенін атап өтті. Мен өзбек ұлтының өкілі ретінде еліміздегі этносаралық бірлікті сақтауға өз үлесімді қосамын. Бірлік болмай, тірлік болмайды демекші, біз татулықта өмір сүрмесек дамымаймыз, келешекке нық қадам баса алмаймыз.

Зумрад Ахмедова,

Түркістан облысы Сайрам аудандық

өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы

Аналар кеңесінің төрайымы

***

Жолдау келешегіміздің іргесін нықтауға міндеттейді

Еліміздің Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі халыққа арнаған ​ Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап шықтым. Президенттің әр сала бойынша берілген тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды. Еліміздің жарқын келешегі жолында атқарылатын іс-шараларға тоқталып, әрбір сала бойынша жеке-жеке жоспарын баяндап өтті. Ұлтаралық қатынас тіліне айналуға тиісті мемлекеттік тіліміздің Жолдау негіздерінің бірі болуының мағынасы зор деп ойлаймын. Жолдау келешегіміздің іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Абдухошим Боев,

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы

***

Елдегі басты құндылық ретінде бағаланатын бейбітшілік пен келісім екендігі де қуантады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауы – қазақ көшбасшысының көрегендігін кезекті рет көрсетті. Бұрынғы Жолдауларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, енді Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз. Осылардың бәрі Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдеріне де қатысты болатыны мені қуантады. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы экономикалық тетіктермен бекітілгені, нақты жоспарлардың белгіленгені және орындалуын қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқанын атап өтуге тиіспін.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына көңіл бөлгені, елдегі басты құндылық ретінде бағаланатын бейбітшілік пен келісім екендігі де қуантады. Мұны біз, жақсы түсінеміз. Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспін.

Аюпов Фарит,

Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі

Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы

***

Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің дамуы үшін жасалатын қадамдарын нықтап, сеніммен айтуы халықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен ерекшеленді.

Президент тілге мән берді, мемлекетті нығайту, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқталып, бағаның күнделікті тұрақсыздығына сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасында сөз еттіп, ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халқына жолдаған Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше елдің әл-ауқатын жақсарту жолында ерінбей еңбектенейік

Надиров Азимбай,

«Барбанг қауымдастығы» күрді республикалық

қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы

***

Қазаққа саналы да сапалы ұрпақ керек

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Биылғы Жолдауында мәдениет саласына ерекше көңіл бөлді. Мәдениет, оның ішінде кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдары аралығында әр жылы 20%-ға көтеру туралы нақты ұсыныстар жасады. Қазаққа саналы да сапалы ұрпақ керек! Осы орайда Мемлекет басшының кітапхана ісіне айрықша мән беріп, қолдау көрсетуі келешек үшін жасалған үлкен игілік екенін атап көрсетті. Кітапханашылар мәртебесін көтеру - білімді ұрпаққа жол ашу болып табылады.

Наркозуев Маматкадыр,

«Ала-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы

***

Тек қызметтің барлық салаларында салмақты және көреген шешімдер ғана өз нәтижелерін береді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Халыққа Жолдаумен танысқаннан кейін, болашақ әрқайсымызға байланысты екенін түсінесің.

Президент Жолдауында ең алдымен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар қосымша бастамаларды атап өтті. Бастамалардың бірі азаматтық қызметшілердің, атап айтқанда мәдениет саласындағы қызметкерлердің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің және басқа да қызметкерлердің жалақысын арттыруға бағытталған.

Осыған байланысты мемлекет 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде азаматтық қызметшілердің осы санаттарының жалақысын жыл сайын орта есеппен 20% - ға арттыратын болады. Бұл бастама 600 мың қазақстандыққа тікелей әсер етеді.

Тек қызметтің барлық салаларында салмақты және көреген шешімдер ғана өз нәтижелерін береді. Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауы елді одан әрі жаңғыртудың маңызды тетігі болып табылады.

Аманкул Джайлханова,

Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

***

Мақсатымыз - мықты, әділ әрі озық мемлекет құру

Президенттің Жолдауы – бұл мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл жоспардан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады.

Біріншіден, әрқайсымыз - Жолдаудың орындалуы «маған не береді?» деген сұраққа жауап іздейміз. Ол Президенттің 5 бастамасында айқын көрсетілген (төменгі жалақының көтерілуі, салалық еңбекақылардың өсуі, зейнетақы қорынан қаржы қолдану мүмкіндігі, т.б.).

Алдымызда келесі міндеттер тұр екен:

-жауапкершілігі мықты, отаншыл, спортпен шұғылданатын, денсаулығы мықты ұрпақ өсіру;

-қазақ тілін білетін азаматтарды тәрбиелеу;

-балаларымызды мамандық таңдауда ғылымға, педагогикаға, медицинаға, энергетика, ауылшаруашылығына, IT-технологияларына бағыттау;

-білім мен біліктілік арқасында өз еңбегімен табыс табуды (масылдықтан арылу) үйрету;

-тамырынан нәр алған, немесе өз ұлтының тарихын, салт-дәстүрін, діни негізін білетін, болашақта «ақсақал» деген ұлы атаққа ие болатын ұл, «ел анасы» болатын қыз тәрбиелеу;

-алауыздыққа бармайтын, ұлылығымен үлгі болатын, достықты ұлықтайтын, үлкенге іні, кішіге пана болатын азаматтарды қалыптастыру.

Бұл, ең алдымен, ұлтына, дініне қарамастан, әр отбасының, әр ата-ананың қоғам алдындағы міндеті, жолдаудың тиімді орындалуына қосатын үлесі.

Ел Президенті бағдар беріп, болашағымызбен таныстырды. Ол жоспардың тиімді орындалуы экономикамыздың тұрақтылығына, әлеуметіміздің өркендеуіне және ең бастысы - біздің қоғамның ауызбіршілігіне, бекем бірлігіне байланысты.

Мақсатымыз - мықты, әділ әрі озық мемлекет құру.

Назипа Шанаи,

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы секторының меңгерушісі

Кейін қарай