21 Маусым, 2024
193
ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Ақмола облысы ҚХА өкілдерімен кездесті
Достық үйінде ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ақмола облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында Мәлік Нұржанұлы көктемгі су тасқыны кезінде бірлік пен ұйымшылдық үлгісін көрсеткен Ассамблея мүшелеріне Президенттің алғысын жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінің басты қағидаттарына тоқталып, келесі құрылтай Көкше жерінде өтетінін айтты. Халқымыздың мәдениет деңгейін көтеруде елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталды. Жастарды Ассамблея қатарына тарту, ақпараттық жұмыс және Ассамблеяның жұмысын өңірлік деңгейде күшейту туралы айтты.
Пікір алмасуға қатысқан ЭМБ және құрылымдардың басшылары аталған сұрақтар туралы ұсыныстар айтты.
Сындарлы және іскерлік атмосферада өткен кездесу барысында қатысушылар Ассамблеяның жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау және нығайту жөніндегі қызметін сапалы жақсарту жайлы өз ұстанымдарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Павлодар облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті