
05 Қазан, 2021
5433
Рашид Нәдіров: Мемлекеттік органдар азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс
Уақыт – қатал, бәріне уақыт төреші. Елдің қарапайым тұрғынының өмірі де, ісі де, мемлекет те алға басады.
Тарихта империялар мен елдердің қалай дамып, құлдырағаны туралы көптеген мысалдар бар. Көбінесе олар үшін құрылыс негізіне салынған идея қауіпті болды.
Біздің еліміз жағдайында Қазақстан басшылығы адамды басты назарда ұстағанын атап өткім келеді. Қ. Тоқаев өз Жолдауында: «Біз бірге мықты мемлекет құрып жатырмыз. Егемендік – бос ұрандар мен қатты сөздер емес. Біз үшін әрбір азамат Тәуелсіздік жемісін сезінуі маңызды, оның ең бастысы – бейбіт өмір, қоғамдық келісім, халықтың әл-ауқатын арттыру, жастардың болашаққа деген сенімі» деді.
Президент өз Жолдауында өңірлік саясатты дамыту туралы айта келіп, «Естілетін мемлекет» тезисін тағы да атап өтті. Мемлекеттік органдар деңгейі мен бағыныстылығына қарамастан, азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Проблемалар туындаған жағдайда көмек пен қолдауды мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесі көрсетуге дайын. Біздің кеңестің басым міндеті қоғамда бірлік пен келісімді сақтау болып табылады. «Барлық азаматтар үйлесімді этносаралық және конфессияаралық қатынастардың маңыздылығын түсінуі қажет» - Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Жолдауда осы ойды осылай білдірді.
Осы орайда біз солтүстікқазақстандықтарды этноәлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуына жол бермеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен және оның құрылымдық бөлімшелерімен – Қоғамдық келісім кеңесімен, СҚО ҚХА Аналар кеңесімен және этномедиаторлармен белсенді ынтымақтасуға шақырамыз.
СҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Р.С.Нәдіров
Ұқсас жаңалықтар
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
сегодня, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды