Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Тамыз, 2019

4030

Равиль Юнусов: ШҚО Достық үйінің есігі келем деушілерге әркез ашық

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс-Қазақстан облыстық Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында салынып жатқан пандустың пайдалануға қаншалықты қолайлы екенін анықтау мақсатында сынақтан өткен болатын. Ал кеше аталмыш құрылғы ресми түрде пайдалануға берілді.

Әлеуметтік маңызы зор шара Достық үйі директорының орынбасары Юнусов Равильдің сөзімен басталды.

«Менің ойымша әрбір адам өзінің алға қойған мақсаттарын жүзеге асырып, соған жетуі керек. Бұған, әрине, ештеңе кедергі болмауы қажет, сондықтан бұдан былай Достық үйінің есігі барлығына ашық. Пандус, әрбір адамның дене бітіміне қарамастан, ғимаратқа келуіне кедергі болмайды, керісінше мүмкіндік туғызады. Сондықтан сіздерді тек қонақ ретінде ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырылатын шараларға қатысушы ретінде де күтеміз», - деді Равиль Александрович.

 

Кім болса да мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысқанды жаны жақсы көреді, бірақ барлығының бұған мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан, мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділік пен қолайлы жағдайдың маңызды екенін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Достық үйінде пандус салуға туралы бастама көтерілді.  

«Пандус орнату идеясы пайда болуы бізді өте қуантады. Біздің «ерекше» отандастарымыздың барлық идеяларын іске асырып немесе жай ғана келіп, концертті тамашалау үшін мүмкіндігі болғаны өте маңызды»,- деді мердігер құрылыс компаниясының басшысы Ермек Аманжолов.

Ашылу салтанатына мүмкіндігі шектеулі жандардың өздері де қатысты, олардың арасында үстел теннисі бойынша спорт шебері Ардақ Нұрмағанбетов те бар. Равиль Юнусов екеуі пандустың лентасын қиып, ресми түрде пайдалануға берілді.

Іс-шара Достық үйінің шығармашылық ұжымдары мен «Алтын-ай» мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігі әртістерінің концертімен, «Белая сова» қоғамдық бірлестігінің көрмесімен жалғасты.

Кейін қарай