Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қыркүйек, 2017

890

Ресей және Қазақстан – мәңгілік достықтың екі қанаты

Ресей және Қазақстан арасындағы қалыптасқан өзара әрекетті одан әрі дамыту аясында Петропавл қаласында «Ресей және Қазақстан – мәңгілік достықтың екі қанаты» ұранымен Зауралье халқы күндері» ақпараттық-гуманитарлық акциясы өтті.

Кездесу барасында делегаттар Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақтардың V дүниежүзілік құрылтайында  атап өткен болатын: «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – жаһандық білім мен ғылымға кіруді, әрі рухани тұтастығымызды қамтамасыз ететін бірегей қадам... Қазір біз заманауи ғылымды, техниканы, интернетті зерттеп, білуге ұмтыламыз. Осының бәрі латын әліпбиінде негізделген. Қазір біз бұл олқылықтарды біржола жою үшін еңбек етудеміз. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі бірлігімізді нығайтып, рухани жақындастыра түседі».

Іс-шараның бағдарламасы мазмұнды болды, қалаға келген делегаттар Сәбит Мұқанов ат. кітапханада Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерімен кездесті.

Делегация құрамында Қорған облысының әйгілі жазушылары Потанин Виктор Федорович және Филимонов Владимир Иванович, Зауралье халқы ассамблеясы кеңесінің төрағасы Владимир Уфимцев, Ресейдің халық суретшісі Травников Герман Алексеевич, фольклорист, РФ мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер Саверский Леонид Алексеевич, Қорған мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, жоғары мектепке еңбегі сіңген қызметкер Федорова Валентина Павловна болды.

Мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері қазақстандық әріптестерімен өз іс-тәжірибесімен бөлісу үшін келген. Қонақтар бөлініп, пленарлық кездесулер өткізді, оның барысында өз қызметі, Ресей мен Қазақстанның қатынастары, алдағы шекара жанындағы ынтымақтастық жайында сөз етті және дәстүр бойынша қонақжайлылық белгісі ретінде қарсы алушы тарапқа естелік сыйлықтар сыйлады. 

 М. Қозыбаев ат. СҚМУ-да Владимир Уфимцев «Вопросы миротворчества и диалога национальных культур между Россией и Казахстаном» тақырыбында сөз сөйледі. Бүгінгі таңда бұл -  маңызды мәселелердің бірі. Бұл уақытта № 35 мектепте Қорған облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Қайрат Ораловпен кездесу өтті, онда  «Казахи Курганской области» кітабының және «Лица Зауралья»: казахи-герои Советского Союза и Герои Социалистического труда» сайты туралы фильмінің тұсаукесері болды.

Көркемөнер мұражайында  суретші  Герман Травников көрмесінің ашылуы осы күннің жарқын оқиғасына айналды. Өнерге еңбегі сіңген қайраткер сонымен бірге қаламыздағы жас суретшілермен кезікті. «ЮНЕСКО» клубының көркемөнер лицейінде таза ауада акварель бойынша шеберлік сыныбы өтті. Көркемөнер колледжі мен лицейдің оқушыларына суретшінің шеберлігі және оның көп жылдық мол тәжірибесі үлкен әсерін тигізді. Жазған этюдті Герман Алексеевич лицейге табыс етті.

Барлық іс-шаралар соңында қонақтар СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимовке жылы қарсы алғандарына алғыстарын білдіріп,  өңірлер арасындағы алдағы ынтымақтастық жемісті болатынына сендірді.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай