Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қазан, 2022

538

Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградаларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті

2022 жылғы 22 қазанда Астана қаласының Достық үйінде Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградаларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданғанын атап өтті. Бұл мереке ел тарихындағы мемлекетіміздің тәуелсіздігін алудағы алғашқы қадам болды. Содан бері этномәдени бірлестіктердің қызметі арқасында Ассамблея аясында өз елінің нағыз патриоттарының жаңа буыны өсіп, қалыптасты.


Бұл күні Қазақстан Республикасының егемендігін, Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, мәдениетаралық диалог пен қазақстандық патриотизмді дамытуға үлес қосатын Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен пікірлестері марапатқа ие болды.

Атап айтқанда, «Құрмет» орденімен «Филия» Қазақстанның грек қоғамы қауымдастығының басшысы Иорданиди Г.К., «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» басқармасының мүшесі Мирзоев Р.Я., «Қазақстан корейлер қауымдастығы» ЗТБ мүшесі Огай С.Г., «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестігінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Турдикулов Б.Н. марапатталды.


«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Дуслык» білім беру мәдени орталығының басқарма төрағасы Низамутдинова Я.А., ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Бақытұлы А. марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық Алтын медалімен Республикалық тәжік этномәдени орталығының мүшесі Исмаилов А.Я., Республикалық ұйғыр мәдени орталық төрағасының орынбасары Палтахунов Н. және ҚХА этномәдени орталықтары мен қоғамдық институттарының басқа да өкілдері марапатталды.


Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығының «Вайнах» мүшесі Газдиев С.М., «Юнчи» дүнген орталығының басқарма мүшесі Хахазов Ш.Х. марапатталды.

Сонымен қатар, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеялары мен қоғамдық құрылымдардың бірқатар өкілдері құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және Қазақстан халқы Ассамблеясының төсбелгілерімен марапатталды.

Мереке күндері еліміздің барлық өңірлерінде «Өнеріміз саған – Қазақстан!», халық арасындағы түрлі патриоттық челлендждер мен акциялар ұйымдастыру жоспарланған.

Кейін қарай