![](/upload/iblock/cc1/cc1e4cca3d47fe7fa7ccc166b883faa6.jpg)
27 Ақпан, 2024
177
Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Панфилов ауданында кездесулер өткізді
Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Жетісу облысы Панфилов ауданынның қоғамдық бірлестіктері мен тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Республикалық ақпараттық түсіндіру топтың пленарлық отырысы өтті. Кездесуді аудан әкімі М.Сағымбек ашып, келген қонақтармен таныстырды.
Кездесуге ауданның мекеме басшылары, аудандық маслихат депутаттары, прокуратура өкілдері, полиция бөлімі, спорт саласының, БАҚ өкілдері, діни бірлестік жетекшілері, қоғамдық және этномәдени орталықтардың мүшелері, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің төрағалары, жалпы 200-ге жуық адам қатысты.
Кездесу барысында, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің Өңірлік жұмыс басқармасының бас сарапшысы Бекжан Сәрсембаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, ҚР МАМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садвокасова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов, ҚР МАМ ЭҚДК «Қоғамдық Келісім» РММ жобаларды іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарымен жұмыс жүргізу басқармасының бас сарапшысы Талшын Италиева, психолог Ақмарал Абдукеева сөз сөйлеп, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүре отыра, этностар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту керектігін баса атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Құлғайша Бердығұлова, аудандық «Ұйғыр» этномәдени орталығының директоры Гайтов Азат Сауытұлы және «Дүнген» этномәдени орталығының өкілі Дифу Сарди сөз сөйлеп этносаралық қақтығыстарды алдын алуда тәрбиенің маңызына, оның ішінде ата-аналар үнемі бірлікті үлгі ретінде атап отырып, тәрбилеу керектігі жайлы тоқталып өтті.
Кездесу аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Аудан әкімі Марат Сағымбек төрағалығымен қала және ауылдық округ әкімдері, дін саласының қызметкерлері, орта мектептің әкімшілік ұжымдары, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы және мүшелері, аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, шаруа қожалық өкілдері, аудан жастарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында қозғалған тақырыптар мен мәселелер: дін саласы, этносаралық татулық, бала тәрбиесі мен жастар арасындағы этносаралық қақтығыстар, білім саласындағы қызметкерлердің мәртебесі және тағы басқа тақырыптар.
Кездесуде алғы сөзді Марат Сағымбек бастап, төменде аталған кездесудің ашық және еркін форматта өтетінің айтты. Республикалық ақпараттық түсіндіру тобынң мүшелері еліміздегі этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат, этносаралық қақтығыстарды алдын алу, жалпыұлттық бірлік тақырыптарында сөз сөйледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Катонқарағай ауданында этноквиз өтті
-
Елордалық Ассамблея жастары онлайн форматта кеңес өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Жамбыл облысы Шу ауданында ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Ақмолада ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кезекті отырысы өтті
-
Алматыда «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері жастардың басым жобаларын талқылады
24 Шілде, 19:18
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
23 Шілде, 10:37
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
23 Шілде, 10:33
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
23 Шілде, 10:00
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
22 Шілде, 18:34
Жезқазған қаласы Аналар кеңесінің отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Катонқарағай ауданында этноквиз өтті
-
Елордалық Ассамблея жастары онлайн форматта кеңес өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Жамбыл облысы Шу ауданында ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Ақмолада ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кезекті отырысы өтті
-
Алматыда «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері жастардың басым жобаларын талқылады