Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2024

81

Республикалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» тақырыбында ҚХА ЭМБ жастарының интерактивті кездесуі өтті

2024 жылғы 1 наурызында республикалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» тақырыбында ҚХА ЭМБ жастарының интерактивті кездесуі өтті.



Іс-шараның басты мақсаты тарихи ұжымдық естелік негізінде бірлікті, бейбітшілік пен келісімді, қазақстандық патриотизмді, еліміздің этностарының бір-біріне және мемлекетіміздің азаматтарына - батырлар мен беделді еңбеккерлерге олардың игі істері үшін алғысын нығайту, азаматтық қағидаттар мен рухани-адамгершілік құндылықтар және «Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі» - адамгершіліктің нышаны ретінде алғыс білдіру, «Адамның рухани байлығы – адамгершілік» - адамның қоғамдық санадағы рухани байлығы ретінде адамгершілікті көрсету идеялары негізінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.



Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ардагерлері, ғылыми зиялы қауым, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық, облыстық және қалалық (Алматы қ.) этномәдени бірлестіктерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, оның ішінде «Ассамблея жастары», Алматы қ. университеттері мен колледж студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кейін қарай