Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Тамыз, 2022

342

Республикалық Достық үйінде «Мектепке жол» акциясы өтті

2022-жылғы 24- тамызда республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім» РММ мен Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» акциясы өтті. Іс-шараның аясында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Іс-шараға Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Абдулхалил Долкунтай, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын мұқтаж жандар мен көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсете отырып, еліміздегі қайырымдылық пен меценаттықты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді.


Жаңа 2022 оқу жылы қарсаңында мектептің табалдырығын алғашқы аттағалы тұрған бүлдіршіндерге Абдулхалил Долкунтай өзінің тілектерін білдіріп, тынымсыз білім алу қажеттігін айтты.

«Балақайлар, сіздер биыл алғашқы рет мектепке барасыздар. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі уақытта білімді болу өте маңызды. Сондықтан талмай оқып, еңбектеніңіздер», - деді спикер.


Айта кетсек, аталған акцияға Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Абдулхалил Долкунтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қолдау көрсетіп, балалар үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды және мектепке қажетті керек-жарақтары бар сөмкелер мен кеңсе тауарлары сыйға берілді.


Кейін қарай