05 Тамыз, 2024
319
Республикалық ҚХА медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Астана қаласындағы Достық үйінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтыңтөрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы шеңберінде ҚХА Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының өкілдері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басшылығы, Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктерінің, Бас прокуратура, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілөкілдері, сондай-ақ республикалық және өңірлік медиация кеңестерінің мүшелері, журналистер мен блогерлер қатысты.
Өз кіріспе сөзінде Марат Әзілханов Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмасына сәйкес Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында этномедиация саласындағы мамандардың тәжірибесі барлық өңірлердегі Ассамблеяның бүкіл ұйымдастырушылық шеңбері бойыншакеңейгенін атап өтті. Осылайша, ҚХА медиациясы аймақтық медиация кабинеттерінің қызметі аясында құқықтық көмек көрсетуден тікелей салалық бағытқа, атап айтқанда этномедиация институтын этносаралық саладағы жанжалдарды шешудің тиісті құралы ретінде дамытуға көшті.
Отырыс барысында ҚХА Республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов ҚХА Медиация кеңесі қызметінің перспективалары мен жаңа бағыттарымен таныстырды.
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжалды шешудің тиімді шаралары туралы пікірімен бөлісіп, қақтығыстардың алдын алудың ең тексерілген және дұрыс жолы азаматтық борыш пен патриоттық сезімді басшылыққа ала отырып, азаматтық қоғам болып құқықтық салада өмір сүру, еліміздің барлық заңдарды орындау және талаптарды сақтау екенін атап өтті.
ҚР Мәдениет министрлігі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Этномедиация орталығының басшысы Луиза Узарова этномедиация – этносаралық шиеленістің алдын алу шарасы екенін, оның тиімділігі жүйелі, күрделі және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп айқындады.
Сондай-ақ шарада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының және т.б. өкілдері сөз сөйледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады