
21 Шілде, 2016
1131
Рито Костенконың мерейтойы
Көкшетау қаласының Достық үйінде «Русская песня» ансамблінің әншісі, «Алтын жас» және «Ақбұлақ-Родник» клубтарының мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің бұқаралық мәдени жұмыс бойынша комиссиясының төрағасы Рита Костенконың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерейтой иесін бұл күні әріптестері, достары мен туған-туыстары құттықтауға келді.
Рита Костенко 1936 жылы Омбы облысының Корниловка ауылында дүниеге келген. Мектепті жаңа тәмәмдаған Рита Усть-Ишимский ауданының, Завгвоздино ауылындағы кітапханаға меңгеруші болып жұмысқа орналасады. Ал 1955 жылы оған облыстық мәдени-ағарту училищесіне оқуға жолдама беріледі. Оқуын аяқтаған жас маман аудандық мәдениет үйінің шығармашылық меңгерушісі, хор жетекшісі бола жүріп, ансамбль және театр үйірмелеріне қатысады. Төрт жыл еңбек еткеннен кейін ол Көкшетау қаласындағы әпкесінің қолына көшіп келеді. Жаңадан ашылған халық шығармашылығы үйіне аға әдіскер болып жұмысқа тұрады.
1975 жылдан бастап ол ширек ғасыр Көкшетау мәдени-ағарту училищесінде жемісті еңбек етеді. «Мен үшін бұл жылдар ең жарқын кезеңдер болды. Бүгінде біздің талантты шәкірттеріміз қаламыздың мәдени дамуына өз үлестерін қосып келеді.Олар Айгүл Сәбитова, Тамара Малько, Мадина Тілеулина, Елена Лукьянова, Ольга Луциева және бүгінде сол оқу орнын басқарып отырған Құралай Ыдырысова»,- деп өз шәкірттерін атап өтіп, оларға деген ризашылығын білдірді. Бүгінде Рита Костенко – зейнеткер. Алайда, қоғамдық жұмыстардан шет қалған емес. «Русская песня» ансамблінде ән салып, қалалық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі болып табылады. «Еңбек ардагері», «Тың жерлерді игергені үшін», «Тыңға 50-жыл» медалдарының және «Құрмет белгісі» орденінің иегері, көптеген алғыс хаттары мен дипломдары тағы бар.
Бұл күні Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова мерейтой иесін құттықтап келіп, құттықтау хат табыстаса, Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі жетекшісінің орынбасары Манат Исмағұлов мерейтой иесімен қосыла ән шырқап, сыйлығын ұсынды.
Мерейтой иесіне деген достардың жылы лебізі мен шырқалған әндер залдағы ерекше атмосферамен үндесіп, жиналғандарды ерекше әсерге бөледі.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Петропавл: Достық үйінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Петропавлда медицина ғылымдарының докторы Жанбатыр Сартаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
-
Петропавлда Александр Пушкиннің 220 жылдық мерейтойы аталып өтті
-
Ақтауда «Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Саран қаласының 65-жылдығы облыстық неміс мәдениетінің фестивалімен аталып өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
Петропавл: Достық үйінде Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Петропавлда медицина ғылымдарының докторы Жанбатыр Сартаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
-
Петропавлда Александр Пушкиннің 220 жылдық мерейтойы аталып өтті
-
Ақтауда «Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті
-
Саран қаласының 65-жылдығы облыстық неміс мәдениетінің фестивалімен аталып өтті