Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Шілде, 2016

1058

Ұрпақтар сабақтастығы

Достық үйінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Р.Х.Сүйербаевтың төрағалығымен кеңес отырысы өткізілді.  Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған мәселе  –  жастарға  патриоттық тәрбие беру  туралы.

Батыс Қазақстан облысы  жастар саясаты  басқармасының басшысы  Азамат Айтуев  қариялардың алдында   «Жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу туралы» баяндамасын оқып, жастар туралы мәлімет беріп, жастар  саясаты басқармасының жұмысымен таныстырды.

Басқарма басшысының айтуы бойынша,  бүгінде батысқазақстандық жастардың саны 145 879 адамды құрайды.  4 жоғары,    38 техникалық - мамандандырылған  оқу орындарында  47 231 студент  білім алуда.   Облыста тұратын 158  мың жас - басқа ұлт өкілдері, оның  1420-сы техникалық - мамандандырылған оқу орнында,  653-і ЖОО-да оқудаОблыста – 89  жастар қоғамдық ұйымдары тіркелген, оның 64-і қалада  жұмыс істесе, 25-сі – аудандарда. Жыл сайын облысымыздағы жастар қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған "Толағай" отбасылық жарысы, жастар арасында "Дәстүрлі әндер" байқауы, мерекелік шараларда "Домбыра party", "Асық party" ұйымдастырылады. Сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Батыс Қазақстан облысының жастар форумы, жас патриоттар форумы дәстүрлі түрде  өткізіліп келеді, қыркүйек айында І облыстық жұмысшы жастар форумы өтуі жоспарланды.

Соның ішінде, жастарға қазақстандық патриотизмді насихаттау, тәрбие беру, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында  «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Ардагерлерді ардақтайық», «70 игі іс» жастар акциялары, «Ерлікке тағзым» және «Қамқор» қайырымдылық іс-шаралары тұрақты ұйымдастырылуда.  Содан соң сөз, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының басшысы Игорь Спиридоновқа берілді.

 Жиналған қариялар   қазіргі уақытта жастардың  жат діннің етегінде кетпеулері үшін көбірек жұмыс жасау керектігі туралы айтып, жастар саясаты  басқармасының басшысына жұмыссыздықты жою жолдарын іздеу туралы  нақты тапсырмалар ұсынып, олар жиын соңында қабылданған шешімде көрініс тапты.

Отырыс  ортасында Достық үйіне облыстық 1 деңгейлі қиындықта өткен  жас велошерушілер жарысының қатысушылары  келді. Олар ұзындығы   259  шақырымдық  «Қаратөбе – Жымпиты – Аралтөбе – Орал»  бағдарымен Достық үйіне ақсақалдар Кеңесінің  отырысы кезінде келіп тоқтады.  Жас спортшыларды  ақсақалдар  Достық үйінің алдынан қарсы алды. БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов   велошерудің аяқталуымен құттықтап, осындай патриоттық  іс-шараға   қатысқандары  үшін рахметін айтты.  Бұл велошеру ҚР Тәуелсіздігіне арналған 25 туристтік -  өлкетану іс-шаралардың алғашқысы, оған 11 жасөспірім қатысты.

Велосипедшілерге арнап БҚО ҚХА ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батес Исмагулова сөз сөйлеп, аналық батасын берді: -Әрқашанда Отанымыз үшін еңбектеніңдер, Тәуелсіз Қазақстанның алдыңғы қатарлы азаматтары   болып өсңғдер! Сендермен біз мақтанайық, сендер – біздің болашағымызсыңдар, өздеріңдей балаларды көріп, біз болашаққа сеніммен қараймыз, - деді.  

Велошеруге  қатысқан балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан  алғыс хаттар тапсырылды.

 «Қоғамдық келісім»  КММ – нің баспасөз қызметі

Кейін қарай