11 Ақпан, 2016
678
Рудный студенттерімен кездесу
2016 жылғы 10 ақпанда Рудный индустриалдық институтында жастар саясаты қызметінің бастамасымен студенттер Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі Қ.Х. Жақып, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары А.Қ. Қожахметов, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Р.Т. Дельмухаметов және Ж.М.Акпасовпен кездесті.
Кездесу басталар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы қысқа метражды бейнефильм көрсетілді.
Кездесудің мақсаты - өңірдегі лаңкестік және экстремизмнің алдын алу және болдырмау болып табылатын іс-шара барысында «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» және «Экстремистік және лаңкестік іс-әрекетерге қылмыстық-құқықтық қарсы тұру шаралары» атты мәселелер талқыланды.
Сөз алғандар оңтүстік өңірлерден келіп, «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша институтқа түскен бірінші курс студенттеріне Ассамблеяның қоғамдық келісімді нығайтуы, облыстық этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық шараларына атсалысуы, экстремистік және лаңкестік іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы әңгімелеп берді.
Сіздерге мұнда тұрып оқуға, жақсы жетістіктерге жетуге барлық жағдай жасалған, сондықтан да сіздер, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтап, одан әрі нығайтуға аса жауапкершілікпен үлес қосады деп сенемін, - деп атап өтті Қ.Х. Жақып.
Қостанай облысы әкімдігінің
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
«TALK-LIKE» TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті