
19 Қазан, 2016
795
Рухани байытқан сабақтар
Көкшетау қаласындағы Қоғамдық келісім сарайының конференц-залында 2016 жылдың 16-шы қазанында рухани келісім күніне арналған «Рухшылдық сабақтары» пікірталас алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты тақырыбы – қазіргі қоғамдағы рухани мәдениеттің рөлі.
Пікірталас алаңының қатысушылары «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің оқушылары, сонымен қатар шақырылған қонақтар – Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көп бейінді гимназиясының оқушылары болды.
Кездесудің модераторы ретінде «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің жетекшісі Күлтай Кәрімжанқызы іс-шараны жүргізді.
Келушілердің алдында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-талдау орталығының мүшесі, ҚР журналисттер одағының мүшесі, Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көп бейінді гимназиясының жанындағы «Шаңырақ» мектептік балалар ұйымының үйлестірушісі мен мұғалімі, публицист Алия Ахетқызы, Көкшетау қаласының №13 орта мектебіндегі биология мұғалімі Дамеля Баймұқанқызы, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің корей тілі оқытушысы Анар Ахметқызы сөз сөйледі.
Қазақстан халқының гипертолеранттылығы, қазақ халқы тарихының ұмытылмас беттері туралы, жас ұрпақты адамгершілік тұрғыда дамыту қажеттілігі туралы жас қазақстандықтармен Әлия Қойшыбаевна Ахетқызы ой бөлісті.
Дамеля Баймұқанқызы өз әңгімесінде рухани дамуға және жеке тұлғаның дамуына жетелейтін мейірімділік, адамгершілік, махаббат, қайырымдылық, түсіністік, шыдамдылық сияқты түсініктер мен өмірлік құндылықтарға тоқталып өтті.
Есеп-қисапшы дипломына ие және осы мамандықта біршама тәжірибе жинақтаған, өзінің корей тілін меңгеру сияқты асқақ арманына қол жеткізген, жас, қызықты және өршіл тұлға Анар Серікқызының әңгімесі ерекше қызығушылық тудырды. Ол 2010-2013 жылдары «Шаңырақ» мектебінде корей тілін оқып, одан кейін екі жыл Кореядағы Сеул қаласында жұмыс істеп білімін жетілдірген. Отанына оралған кезде «Шаңырақта» корей тілін үйрете бастағанын айтып берген ол өзінің әңгімесінде туған жерден алыста болған кезде айналасындағы адамдарға Қазақстанның салттары мен дәстүрлері туралы сүйіспеншілікпен айтып, өзінің қазақ қызы екенін ешқашан ұмытпағанын ескертті. Сонымен қатар ол «таңғы шық» пен «таңғы балғындық» елінде алған білімі оған тәжірибе болып қана қоймай, сонымен қатар өзінің күшіне сендіргеніне назар аударды.
«Мұндай рухшылдық сабақтары бізді әлдеқайда мейірімді, адамгершіл, жақсырақ етеді. Біз мектеп қабырғасында білім алып, үлкен өмірге аттанған кезде де бүгінгі кездесуде айтылған нәрселерді ұмытпаймыз. Біз құрметті педагогтардан алған баға жетпес өмірлік сабақтарды әрқашан еске сақтайтын боламыз!» - деп қорытындылады кездесуді көкшетаулық оқушылар.
Бақыт Мұхамедрахимова – Тасова,
Ақмола облысы әкімінің
аппараты жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
Петропавлда Рухани келісім күніне орай қалалық семинар ұйымдастырылды
-
Рухани келісім күні
-
Рухани келісім – елдің тұтастығы мен татулығының кепілі
-
Көкшетауда ҚХА мүшелері рухани келісім күніне орай бас қосты
-
СҚО-да рухани келісім күніне арналған ашық есік күні өткізілді
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
сегодня, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
Петропавлда Рухани келісім күніне орай қалалық семинар ұйымдастырылды
-
Рухани келісім күні
-
Рухани келісім – елдің тұтастығы мен татулығының кепілі
-
Көкшетауда ҚХА мүшелері рухани келісім күніне орай бас қосты
-
СҚО-да рухани келісім күніне арналған ашық есік күні өткізілді