10 Сәуір, 2018
1162
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында поэзия кеші өтті
10 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдығына арналған поэзия кеші өтті. Оған Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері, Ақтау қаласының №8 және №22 орта мектебінің оқушылары қатысты. Кездесуге осетин этномәдени бірлестігінің өкілдері қонақ болып келді.
Шара Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесу аясында жастар Маңғыстаудың белгілі ақындарының өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, қатысушылар Елордамыз Астана қаласына және Ақ маржан Ақтау қаласына арнау ретінде шығарған өлеңдерін паш етті. Бұл жастардың еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігі. Патриоттық сезімдерін әнмен де жеткізгендер болды.
Кітапхана мамандарының айтуынша, рухани азық беретін осындай шаралар жастарға ауадай қажет. Бұл олардың патриоттық сезімдерін шыңдауға септігін тигізбек. Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» КММ- нің мамандары жас ақындарға Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы мағлұмат берді. Ел татулығы, бірлігі мен тұтастығы ұғымдарының маңыздылығын айтты. Жастарға «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіріп өтті. Ондағы жастарға жасалып жатқан бастамалар туралы мәлімет берді. Соның ішінде, тегін білім алудың жаңа мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды. Өйткені Президент үндеуінде жастардың тегін білім алуы үшін тағы да қосымша 20 мың грант бөлінетіні айтылды. Жастар үшін мүмкіндік көп, тек соны дұрыс пайдалану қажет деп түсіндірді «Қоғамдықкелісім» мамандары.
Содан кейін жастармен сұрақ-жауап кезеңін өткізді. Кеш аясында оқушылар мен студенттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлең оқыды. Жастардың үш тілді еркін меңгергендері әңгімелерінен байқалды. Сұрақтарға үш тілде жауап беріп отырды. Бұл – елімізде Елбасының бастамасымен енгізілген үш тілділік бағдарламасының жемісі. Мектептер мен оқу орындары үш тілділікке кезең-кезеңмен өтіп жатыр. Бұл жастардың сапалы білім алып, тіл үйреніп, болашақта бәсекеге қабілетті болуына үлкен мүмкіндік деді мамандар. Жастардың білімге, оқуға деген ынтасы жоғары. Соның ішінде, поэзияға деген қызығушылығы ерекше деп атап өтті облыстық кітапхана ұжымы. Рухани азықпен сусындатар шаралар кітапхада жиі өткізіліп тұрады.
Кеш соңында барша қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы сенатор Геннадий Геннадьевич Шиповскихпен кездесуі өтті
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілхановтың Қазақстан тәжіктері Республикалық этномәдени орталығының төрағасымен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілхановтың ҚР «Родны кут» Беларусь мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасымен кездесуі өтті.
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілхановтың Қазақстандағы қырғыздар қауымдастығының төрағасымен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен кездесуі өтті
3 Қыркүйек, 09:54
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
4 Қыркүйек, 18:25
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
3 Қыркүйек, 17:51
ҚХА Хатшылығында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті
5 Қыркүйек, 21:43
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
5 Қыркүйек, 21:59
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы ҚХА сенаторларымен кездесті