
24 Мамыр, 2017
893
«Рухани жаңғыру – жалпыұлттық ұстаным»
Дәл осындай күн тәртібімен 24 мамыр күні Достық үйінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Аталмыш жиынға Жамбыл облысы ҚХА мүшелері, Тараз қаласы және аудан әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясының күн тәртібіне сәйкес облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Кәрім Көкрекбаевтың «Рухани жаңғыру – жалпыұлттық ұстаным» деген тақырыпта баяндама жасап, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 4-ші бағытын орындалуы туралы, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының даму тұжырымдамасын бекітті (2025 жылға дейінгі) және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары тағайындалды.
Облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Кәрім Көкрекбаев «Рухани жаңғыру – жалпыұлттық ұстаным» атты баяндамасында Елорда төрінде Елбасының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясын тілге тиек етті. «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен - бұл сессия елдің саяси-экономикалық, мəдени-рухани өмірінде Ассамблеяның алатын орны ауқымды екенін көрсетті. Оның қызметін жаңа сапалық деңгейге көтерді.
Елбасы өз сөзінде «Бірінші. Туған жер жобасы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып береді. Екінші. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керек. Біздің қаншама замандастарымыз, қаншама Ассамблея белсенділері ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек», – деп атап өтті. Ассамблея алдына үлкен міндеттер қойылды. Бірнеше маңызды жобаны іске асыру тапсырылды. Сондықтан да, бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты – жүктелген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру жолдарын айқындау» - деп атап өтті облыс әкімі.
Сонымен қатар, «Золотой караван» туристік орталығының директоры Альбина Веймер «ЭКСПО-2017» халықараларық көрмесі аясында облыстың тарихи-мәдени орындарын насихаттау шаралары, «Бахор» шаруа қожалығының мүшесі, аудандық депутат Бабыр Хасанбаев ұлттық бірлік пен келісім негізінде жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру бағытындағы жұмыстары, Талас ауданынан келген көп балалы ана Ульяна Ким отбасылық құндылықтар, ана мен бала арасындағы қарым - қатынас, қамқорлық мәселелері, «Береке» гуманитарлық – техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Камиля Дургалова мемлекеттік жастар саясаты, аудандық этномәдени орталықтың жұмысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округының әкімі Сулхадин Мустафаев 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 4-ші бағытының орындалуы туралы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз сөйледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Шымкентте «Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды ұйыстырады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
-
12 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні
-
ҚХА Кеңесі ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады
-
СҚО-да жалпыұлттық бірлік тақырыбында эссе байқауы өткізілді
-
Қостанайда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін ілгерілету бойынша республикалық лекторий аяқталды
Ұқсас жаңалықтар
-
Шымкентте «Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды ұйыстырады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
-
12 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні
-
ҚХА Кеңесі ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады
-
СҚО-да жалпыұлттық бірлік тақырыбында эссе байқауы өткізілді
-
Қостанайда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін ілгерілету бойынша республикалық лекторий аяқталды