Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Тамыз, 2020

1160

СҚО: «Абайдың асыл мұрасы – рухани қазына» атты дөңгелек үстелі өтті

2020 жылғы 10 тамызда Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы және М. Қозыбаев атындағы СҚУ КЕАҚ жанындағы «Рухани жаңғыру» институты онлайн форматта «Абайдың асыл мұрасы – рухани қазына» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Urpaq» және облыстағы этномәдени бірлестіктердің мүшелері, СҚО ҚХА жастары қатысты.

«Urpaq» орталығының төрайымы, з.ғ.к. - Г.Н. Мұсабаева өз сөзінде Ұлы Абай – қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бірінші классигі екенін атап өтті.

1995 жыл тарихта алғаш рет ЮНЕСКО қамқорлығымен халықаралық деңгейде Абай Құнанбаевтың 150 жылдығын атап өткендігімен ерекше. Оның туындылары қазіргі қазақстандық қоғамның адамгершілік негіздерін тәрбиелеуде өзекті болып келеді. Ол орыс классиктерінің шығармаларын аударып, қазақ және орыс мәдениеті арасында алтын көпір құрды.

«Рухани жаңғыру» институтының директоры т.ғ.к. – З.К. Картова өз баяндамасында Абай мұрасын зерттеу барысындағы кешенді тәсілдің қажеттілігіне назар аударып, бұл бағытты «Абай әлемі» деп атады. Ол дөңгелек үстелге қатысушыларды Абай мерейтойын мерекелеу аясында өткізілетін университеттің іс-шаралар топтамасымен таныстырды.

«Коперник» поляк этномәдени орталығы төрағасының орынбасары В.Ю. Корнева балалық шағында Абайдың ата-анасы оны сол кезде Қазақстанға жер аударылған Адольф Янушкевичке емделуге алып келгені туралы қызықты әңгімесімен аудиторияны жандандырды. Оның отбасы Абайдың мұрасын жоғары бағалап, сүйіспеншілікпен зерттейтінін қуана айтты. Польшада Абайдың 175 жылдығына орай пошта маркасын шығарды.

«Urpaq» жастар қанатының мүшесі Сәбитов Сәлімхан Абай жастар арасында адамгершілік негіздерін тәрбиелеу мәселелерін көтереді және жазады деген жастардың пікірін білдірді. Ұлы ақын жырлаған еңбекқорлық, білім мен жауапкершілік сияқты құндылықтар бүгінгі таңда да өзекті.

«Urpaq» жастар қанатының мүшесі, М. Қозыбаев атындағы СҚУ КЕАҚ магистратура түлегі Сейтім Алина Ұлы Абайдың мұрасына деген сүйіспеншілігі мен ризашылығын білдірді. Студенттік жылдары ол Мұхтар Әуезов шығармашылығының рөлін жоғары бағалады, оның «Абай жолы» шығармасының арқасында әлем аты аңызға айналған тұлғаны таныды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Абай жаңаны таратушы, өзін сынаған ортадан жоғары тұрғанын атап өтті. Барлық халықтар үшін бейбітшілік пен өзара түсіністіктің қажеттілігін мойындай отырып, тек осы жағдайда ғана қоғамның негізгі қозғаушы күші толық дами алады деп есептейді. Абай өз шығармаларында әлеуметтік-қоғамдық, моральдық- этикалық мәселелерге бет бұрып, ғылым мен ағартуды надандықты жеңе алатын негізгі күш деп білген.

Кейін қарай