Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2021

367

СҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті

Петропавл қаласының Достық үйінде Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті.

Іс-шарада этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, СҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен жастар кездесті. Форум қатысушыларына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов құттықтау сөз сөйледі.


Ол Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастар саласында мақсатты және тиімді саясатты жүзеге асыратын үйлесімді жүйе екенін атап өтті. 26 этномәдени бірлестік пен құрылымдық бөлімшелердің кең желісі бүкіл азаматтық қоғам өкілдерімен, мемлекеттік органдармен және оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар солтүстікқазақстандықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы «түрік мәдениеті» ҚБ төрағасы Танрикулу Дурсунға табысталды. «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» ҚБ белсендісі М.Т. Құспанованың еңбегі Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен атап өтілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жа» төсбелгісімен «күрдтер «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Р.С. Нәдіровтың белсенді қайырымдылық қызметі жоғары бағаланды. СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж.Жолмұханова облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыстарымен СҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерін, құрылымдық бөлімшелерін, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін, аудандық этномәдени орталықтардың белсенділерін, сондай-ақ СҚО ҚХА жас буын өкілдерін марапаттады.

Форум қатысушыларына мерекелік концерттік бағдарлама дайындалды. Айта кету керек, жақында Нұр-Сұлтан қаласында жоғары мемлекеттік награда – «Бірлік» медалімен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті КЕАҚ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Л. А. Гривенная марапатталды. Сондай-ақ «Бірлік» медалімен «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы" ҚБ төрайымы Г.Н. Мұсабаеваның белсенді қызметі атап өтілді.

Кейін қарай