Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Желтоқсан, 2020

1022

СҚО-да халықаралық сурет байқауының қорытындысы шығарылды

«Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» ҚБ «Рождествоның ғажайып сәттері» халықаралық онлайн сәндік қолданбалы шығармашылық және суреттер конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты неміс этносының мәдениетін, әдет-ғұрпын, дәстүрін сақтау және дәріптеу негізінде этносаралық келісімді және Қазақстан халқының жалпы ұлттық бірлігін нығайту болды.

Конкурс 5 жастан 75 жасқа дейінгі 7 жас тобындағы барлық ниет білдірушілер арасында өтті. Айта кету керек, байқауға Қазақстан, Германия, Польша, Италия, Литва және Ресейден 80-нен астам жұмыс ұсынылды.

Қазылар алқасы қорытындылай келе: «Рождествоны мерекелеу дәстүрі» номинациясында 5-8 жас аралығында 1-орынды Польшадан Krystyna Zychowicz және Stanisław Wilczekизге берді.


«Рождество рәміздері» номинациясында 5-8 жас аралығында 1-орын LeonMatteini (Италия), 2-орын Даниил Матушковқа (Қазақстан) бұйырды. «Рождествоны мерекелеу дәстүрі» номинациясында 30-44 жас аралығында 1-орын Бажитов Алексейдің (Германия) еншісінде.т «Рождество рәміздері» номинациясында 60-75 жас аралығында 1-орынды Райтенбах Надежда (Петропавл) жеңіп алды. Конкурс ұйымдастырушылары конкурсқа ұсынылған жұмыстарда неміс халқының Рождестволық дәстүрлеріне деген ерекше қызығушылық танылғанын атап өтті. «Видергебурт» СҚО НМО» ҚБ дарынды және талантты балалардың, жастар мен ересектердің бейнелеу және сәндік - қолданбалы шығармашылығы арқылы өзін-өзі таныту және неміс мәдениетіне тарту үшін көптеген шаруалар атқарып келеді.

Кейін қарай