Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Маусым, 2021

395

СҚО ҚХА еріктілері алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сағатына қатысты

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері алғашқы шұғыл көмек көрсету бойынша шеберлік сағатына қатысты.


Оны «Қызыл Жарты Ай» қоғамының Павлодар облыстық филиалының басшысы Г. М. Исаканова өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктісі Тимур Сингатуллин шеберлік сағатынан көп нәрсе үйренгенін жеткізді:

- Бастысы, адам өмірін сақтау үшін қандай шаралар қолдану керектігін білдім. Пайдалы шеберлік сағаты үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, - деді.

Шеберлік сағатына қатысқан еріктілер дәрігерлер келгенге дейін көмек көрсету қажеттілігі туындағанда қол ұшын созуға дайын екендіктерін айтты.


Кейін қарай