07 Маусым, 2021
506
СҚО ҚХА Халықаралық орыс тілі күнін атап өтті
Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйінде Халықаралық орыс тілі күні және А.С. Пушкиннің 222 жылдығы мен Абай шығармашылығына арналған әдеби мереке өтті. Іс-шараны «Қазақстанның орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы дайындады.
Халықаралық орыс тілі күні жыл сайын 6 маусымда БҰҰ шешімімен 2010 жылдан бастап атап өтіледі және орыс әдеби тілінің негізін қалаушы А.С. Пушкиннің туған күніне арналған. Бұл күні СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Золотой возраст» клубының қатысушылары А.С. Пушкиннің шығармаларына арналған жұмыстарын ұсынды.
Петропавл қаласының мектеп оқушылары, Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының белсенділері Александр Пушкин мен Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқыды. Әлмира Қанаева мен Мағжан Батыржанұлы «Татьяна Ларинаның хатын» және «Евгений Онегиннің хатын» қазақ тілінде оқып, А.С. Пушкиннің романының беттерін жандандырды. Мерекеге қатысушылар үшін халық арасында танымал «Көзімнің қарасы» әндерінің бірін Ханшабибі Жақсыбай орындады.
Әдеби мереке соңында қатысушыларға «Қазақстанның орыс қауымдастығы» ҚБ СҚОФ және «Сібір казактарының бауырластығы» ҚБ аттарынан алғысхаттар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01