Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Шілде, 2021

380

СҚО ҚХА мүшелері шеберлік сағатында ұлттық тағамдар әзірледі

Елорда күнінде Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің белсенділері қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді.


Достық үйінің он этноорталығының өкілдері Петропавл қаласының тәжірибелі аспазшыларының бірі Светличная Маргаританың басшылығымен бауырсақ пен кеспе дайындады.

Аспаздық сағатында әзірленген тағамдар барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Енді этнос өкілдері өз үйлерінде дәмді кеспе мен қытырлақ бауырсақты дайындай алады.


Кейін қарай