08 Маусым, 2016
670
Сабантой мерекесін атап өтті
Өткен жексенбіде Шымкент қаласындағы Абай саябағында Оңтүстік Қазақстан облыстық татар-бащқұр этномәдени бірлестігінің тілі, мәдениеті және дәстүрі күні «Сабантуй-2016» мейрамы өтті.
Мерекеге арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков мерекеге жиналған қауымды облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловтың атынан «Сабантуй» мейрамымен шын жүректен құттықтады.
Бүгінгі таңда өңірімізде 18 мыңнан астам татар, сегіз жүзге жуық башқұрт этносының өкілдері тұрады.
Тарихы мыңжылдан асқан бұл мереке өңірімізде 1990 жылдан бері татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Осы кезең ішінде «Сабантуй» этностық бірлестіктің шағын мерекесі деңгейінен облыс халқының ырысты ынтымағы мен өзара түсіністігін өзге қырынан дәріптейтін мерейлі мереке болып қалыптасты. Халқымыздың бауырластық, жомарттық және қайырымдылық қасиеттерін айшықтайтын ұлық мейрам болып орнықты.
Мереке барысында қонақтарға татарлар мен башқұрттардың ұлттық тағамы «чак-чак» тәттісі таратылып, «Замандашлар», «Умырзая», «Иллюзия» ансамбльдерінің орындауында көңілді ән-жыр айтылып, би биленді.
Сонымен қатар, келушілер қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен ұлттық тағамдар қойылған арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
-
ҚХА Аналар кеңесінің онлайн-кездесуі өтті
-
Қазақстан Республикасы - Еуропа Кеңесі: жастар ынтымақтастығы тақырыбында кездесу өтті
-
Қарағандыда медиация орталығы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
28 Тамыз, 18:45
Ақмолада өткен ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
29 Тамыз, 17:33
ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
вчера, 09:54
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
28 Тамыз, 18:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қостанайда өткен қос шара
30 Тамыз, 09:19
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Конституция күнімен құттықтауы