Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Шілде, 2017

2278

Сабантуй – халықты біріктіру мерекесі

«Сабантуй» – бұл нағыз ұлттық рухтың інжу моншағы, татар халқының төл мәдениетін тірі сарқылмас бұлағы, оның жан күйі мен дарын ашу үшін өте тамаша мүмкіндігі.

Петропавл қаласының мәдениет және демалыс саябағында Сабантуй татар көңілді өленімен басталды. Мәлік Шигабутдинов – «Дуслык» татар-бәшкір орталығының белсендісі көрермендер алдына ұшқыр тұлпар үстінде шауып келді, ол Қазақстан халқының бостандығы мен тәуелсіздігін білдіреді. 

Іс шараны салтанатты түрде әр халықтың татар сүйікті әнімен  «Қуанамын» ансамблі орындаған би ашты.

Бұл татар халқының ең танымалы ұлттық мерекесі. Мерекені тойлайтын нақты күні жоқ, бірақ әдетте оны мамыр айының соңғы күндері және маусым айының соңғы күндер арасында өткізіледі.

Сабантуй дегеніміз не? және татарларға ол қандай мән береді? Бұл шынында да бүкілхалықтық көңіл ашатын және сонымен бір мезгілде тек қана кәсіби спортсмендер қатысатын емес, көрермендер арасында әр қалаған адам қатысалатын спорттық шара. Сабантуй тойы татарлар және бұл салтанатта қатысатын басқа халықтар өкілдерінің арасындағы өте қатты жақсы көретін мереке.

Осы мерекемен халық тұрғындарын құттықтау үшін сахнада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов және ассамблеямыздағы этномәдени орталықтарының төрағалары сөз айтты.

Көңілді концерттік бағдарлама көрермендерді: Солтүстік-Қазақстандық Қазақстан халқы ассамблеясының және қаланың үздік шығармашылық ұжымдарымен орындалған  билер, әндер жарқын нөмірлерімен қуанышқа бөледі.

Қонақ ретінде Петропавлдықтарды құттықтауға Казань және Көкшетау қалаларынан жеке әншілері де келді.

Халытық қыдырулары байқаулар мен спорттық жарыстарысыз өтпеді.   Балалар арқан тартып және жүгіріп ойнады, асфальтта сурет салды. Үлкендер армрестлинг, гір спорты және қаптармен шайқасты. Жеңімпаздар құндылықты сыйлықтармен марапатталды.

Сабантуй -  халықты біріктіру, жалпы қуаныш пен көңілкүй мерекесі. Бұл күні татар және бәшкірлермен бірге қазақтар, орыстар, украиндықтар, поляктер, белорустар және еліміздегі тағы да басқа ұлт өкілдері мерекені тойлады. Осының бәрі еліміздегі ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті бірнеше рет дәлелдейді.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай