Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Тамыз, 2015

941

САЛИҚАЛЫ КЕЗДЕСУ

2015 жылғы 11 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.С.Мурадов Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесті.

2015 жылғы 11 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.С.Мурадов Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесті.

Аталмыш кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-сі басшысы мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты - Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамын» насихаттау және Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын 2015-2107 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 48-тармағына сәйкес Ұрыс-жанжалдың алдын-алу және шешу мәселелері бойынша медиация орталықтарын ашу.

Жиында алғаш болып, сөз кезегін Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Г.М.Исмурзина алып, Маңғыстау облысына іс-сапармен келген ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты А.С.Мурадовқа алғысын білдірді.

Іс-шара барысында этномәдени бірлестік төрағалары толғандыратын сұрақтарын қойып,түрлі мәселелерді талқылады. Сонымен қатар іс-шара аясында жұртшылық назарына Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің жасаған жұмысы жайлы видеофильм мен слайд ұсынылып, арнайы дайындалған брошюралар мен күнтізбе журналдары таратылды.

Жиын соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

 

 

 

Кейін қарай