13 Қыркүйек, 2021
2561
Сарыкемерде ҚР Президенті Жолдауы талқыланды
Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы Қоғамдық келісім орталығы ғимаратында Байзақ аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серік Ермековтің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру бойынша этномәдени орталық жетекшілері және аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Ел Президенті Жолдауын талқылауға өзге этнос өкілдері де қатысып өз ойларын ортаға салды. Мәселен, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мехия Раджамов өз ойымен бөлісті:
- Жолдауда тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен алда тұрған басты міндеттер нақтыланып, ең бастысы - ел бірлігін сақтау, бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты нығайтуға үлес қосудың маңызына екпін салынған. Сонымен қатар елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыру, халықтың әл-ауқатын жақсартудың тетіктері айтылған. Елдің бірлігі бәрінен маңызды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. Шын мәнінде, Ұйымдасқан ұтады. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»,- деп халқымыз бекер айтпаған.Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!- деп сөзін түйіндеді.
Жиын соңында Ардагерлер кеңесі мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған Жолдауда көрсетілген міндеттерді біртұтас қоғам болып, бірге орындалатындығын талқылап, алдағы уақытта Жолдауға сай бірігіп жасалатын жұмыстарды жоспарлап, бірауыздан ортақ тілекпен тарқасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті